Абылай Хан

Страница для печатиОтослать по почте

АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] - 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі - Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыкқана жауы шақ келмейтін батыр болып, Канішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) "ақтабан шұбырынды" жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған "Сабалақ" деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.

 Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майдвнда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға "Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің" деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 - 33 ж. аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансүр жекпе-жекке шығып, қалмақгың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.

ПредпросмотрПрикрепленный файлРазмер
Abylai Khan.rar165.75 KB

Все права на рефераты, курсовые и дипломные работы принадлежат их создателям. Все работы были найдены в интернете и размещены на сайте Referaty.kz для ознакомления пользователей во время подготовки ими собственной работы. Напишите, если вы не хотите чтобы ваша работа размещалась на сайте.
Сообщения об ошибках. Свяжитесь с нами, если вы обнаружили ошибку на сайте Referaty.kz (особенно, если она касается отправки смс и получения рефератов). Мы все исправим!