Жеке адамдардың қалыптасуы мен дамуы
ЖОСПАР
1. Жеке адамның қоғамдық мәні.
2. «Адам», «Жеке Адам», «Даралық» түсініктерінің арақатынасы және дамуы.
3. Жеке адамдардың қалыптасуы.
4. Пайдаланған әдебиеттер
Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғам мүшеі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.
Жеке адам сондай- ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма- осылардың бәр- бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады.
Жеке адам сондай- ақ идеологиялық қатынастар әрекетінің ықпалында болады. Идеология, не қоғам жайындағы идеялар жүйесі жеке адамның психологиясын, дүние танымын, әлеуметтік бағдарларын қалыптастырады. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру жеке адамның қоғамдық құбылыстарда дұрыс бағдар ұстауына және қоғам дамуындағы өзінің орны мен ролін айқын аңғаруына көмектеседі. Қоғам және адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді.
Жеке адам психологиясының қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді. Қарым- қатынас процесінде адамдар бір- біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік танымдағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдарға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адамның өмірдің материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі- ұсақты әлеуметтік топтардың психологиясына орайласып келеді екен.
Жее адам қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес, сондай- ақ субъектісі де, яғни белсенді буын. Жеке адам басқа адамдармен қарым- қатынаста бола отырып тарихты жасайды, бірақ күшпен емес, объективті оғам заңдылықтарының қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи қажеттіліктің өзі жеке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысын д, өз мінез- құлқы үшін жауапкершілігін де жоққа шығармайды.
Жеке адам- саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір жолын таңдай алады: езгідегі жағдайына мойын ұсына ма, немесе әділетсіздікке қарсы күресе ме, барлық күш- жігерін қоғам игілігіне жұмсай ма, немесе жеке басының мүддесін ғана ойлай ма- оның өз ісі. Бұл тек адамның қоғамдық жағдайына ғана байланысты емес, сонымен қатар оның қоғам дамуының объективті заңдылықтарын ұғу деңгейіне де тікелей байланысты.