РефератСу

Жоспар
1. Гомогендi және гетерогендi жүйелердегi химиялық реакциялар. Гомогендi және гетерогендi жүйедегi реакция жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер ететiн факторлар.
2. Әсерлеушi массалар заңы. Реакция жылдамдығының константасы. Реакция реттiлiгi мен молекулалығы. Активация энергиясы. Вант-Гофор ережесi.
3. Гомогендi және гетерогендi катализ. Каталитикалық процесстер механизмi туралы түсiнiк. Тiзбектi реакция.

1. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын зерттеу химияның негiзгi мәселесi. Бiр заттар басқа бiр заттарға айналу кезiнде оларды құрайтын атомдардың электрондық орбитальдары қайтадан топтасқандықтан екi байланыстар үзiлiп жаға байланыстар түзiлiп отырады.
Раекцияның жүру механизмiн, жылдамдығын және сол жылдамдықта әрекеттесетiн заттардың концентрацияларының, температураның, қысымның, катализатордың әсерлерiн зерттейтiн химияның бөлiмiн химиялық кинетика дейдi. 
Әр түрлi реакциялар әр түрлi жылдамдықпен жүредi. Кейбiр реакциялар өте жай жүредi, ал басқа бiреулерi өте тез қопарылыс бере жүредi. Бiр реакцияның өзi жағдайларға байланысты әр түрлi жылдамдықпен жүредi. Сөйтiп, химиялық реакцияның жылдамдығын кесiмдi уақыт iшiнде реакцияласушы заттардың концентрациясының өзгеруiмен өлшейдi.
Әрекеттесушi және түзiлетiн заттардың агрегаттық күйiне байланысты химиялық реакциялар гомогендiк деп, ал қатысатын заттар әр түрлi агрегаттық күйде болатын реакцияларды гетерогендiк деп атайды. Гомогендiк реакциялар белгiлi бiр көлемде жүредi және ол реакция жүретiн ыдыстың көлемiне байланысты болады. 
Гомогендiк реакцияның жылдамдығы деп белгiлi бiр уақытта реакция жүретiн көлемде әрекеттесетiн заттардың мөлшерiнiң өзгеруiн айтады.
Мысалы; реакцияға қатысатын заттардың концентрациясы 1 моль/л, ал реакция 1 млн жүргеннен кейiн 0,8 моль/л қалса, 1 млн iшiнде жұмсалған 0,2 моль/л осы реакцияның жылдамдығын көрсетедi.
Реакцияның орта жылдамдығы белгiлi уақыт аралығы үшiн t2-t1 концентрацияның өзгеруiмен С2-С1 өлшенедi. Оның математикалық көрiнiсi:
 
Гетерогендiк реакцияларды әрекеттесушi заттар әр түрлi агрегаттық күйде болады да, химиялық процесс көбiне, қатты заттың бетiнде жүредi. Әдетте қатты заттың бетiнде жүретiн негiзгi химиялық реакция тез жүредi де, ал сол реакцияға қатысатын заттардың реакциялық ортаға жеткiзiлуi баяу жүредi, сондықтан көптеген гетерогендiк химиялық реакциялардың жылдамдығы диффузияның жылдамдығына байланысты болады.

ВложениеРазмер
Файл Su.rar22.12 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий