РефератТотығу - тотықсыздану реакциялары

Тотығу- тотықсыздану реакциялары ең көп тараған реакциялардың бірі. Бұл реакциялардан, электрондар бір атомдардан, молекулалардан немесе иондардан басқаларға ауысады. Тотыққан кезде атомдардың тотығу дәрежелері әрқашанда жоғарлайды, ал тотықсыздаңғанда- төмендейді.
Тотығу- тотықсыздану реакциясын теңістіруге қолайлы екі әдіс бар: электрондық баланс әдіс, бастапқы және соңғы заттардың тотығу дәрежелерін салыстыруға негізделген және жартылау реакция әдісі, тотықсыздандырғышты тотықтыру процесінің және тотықтырғышты тотықсыздандыру процесінің иондық теңдейлерін құрастырып, одан соң оларды бір жалпы теңдеуге біріктіруге негізделген.
Бірдей заттардың арасындағы тотығу- тотықсыздану реакциясының сипаты ортаға байланысты өзгереді. Реакция ортасы атомдардың тотығу дәрежелерінің өзгеруіне әсер етеді.
Электролиздің мәні электр энергиясы арқылы химиялық реакцияны жүзеге асыру- катодта тотықсыздану және анодта тотығу процестерін жүргізу. Мұнда катод катиондарға электрондарын береді, ал анд аниондардан электрондарды қабылдайды. Электролиз балқымада да және электролиттің ерітіндісінде де жүреді.
  Металдардың қалыпты электродтық потенциалы белгiлi болса кез келген екi металдан тұратын гальвани элементiнiң электр қозғаушы күшiн (э.қ.к) есептеп шығаруға болады.

  Гальваникалық элементте химиялық реакцияның энергиясы электр энергиясына айналатын болса, электролиз жүргенде, керiсiнше, сыртқы ток көзiнiң электр энергиясы химиялық энергияға айналады. Электролиз кезiнде гальваникалық элементтегi сияқты анодта тотығу, катдта тотықсыздану процесi жүредi. Бiрақ , электролиз процесi гальваникалық элементтiң жұмыс iстеу принципiне қарама-қарсы болғандықтан электролиз кезiнде терiс электрод катодының, ал оң электрод анодтың қызметiн атқарады.
  Электролиздi iске асыру үшiн ваннаға электролидтiң балқымасын немесе ерiтiндiсiн құяды. Бұдан кейiн екi электродың бiреуiн тұрақты ток көзiнiң терiс полюсiмен жалғайды-оны катод деп атайды, екiншiсiн оң полюспен жалғайды, оны анод деп атайды. Ендi осы электродтарды электролиттiң балқымасына немесе ерiтiндiсiне батырады.

ВложениеРазмер
Totygu.rar20.99 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий