Алаш Орда құрылтайы

Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллигенция бастаған қазақ қоғамы құрылтайға қатысты.Құрылтайға қазақ сахарасының әр ай­мақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қа­зақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақыру­мен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қо­йылды:

  1. Сібір,

  2. Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;

  3. Қазақ-қырғыз автономиясы;

  4. Милиция туралы;

  5. Ұлт кеңесі;

  6. Ұлт қазынасы;

  7. Мүфтилік мәселесі;

  8. Халық соты;

  9. Ауылды басқару және

  10. Азық-түлік мәселесі.

Алғашқы баяндаманы Ә. Бө­кей­ханов жасап, ол жөнінде қаулы қа­былданады. Қаулыда — қазақ ауто­номиясы, милиция (жасақ) және Ұлт кеңесі мәселелерін қарауға жеті кі­сілік комиссия құрылады. Құрыл­ған комиссия атынан Халел Ғаббасов аутономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жа­сайды.

ПредпросмотрВложениеРазмер
Alash Orda kuryltaiy.rar31.65 КБ
0Нравится

Комментарии