Қобыланды батыр жырындағы этнографизмдер
Абстаркт
Ауыз әдебиеті... Ертеден келе жатқан байлығымыз. Бірақ біз қазір сол байлығымызды жоғалтып бара жатқан секілдіміз. Сол халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық мәдениетіміз де жоғалған бар жатқан сияқты.
Мінекей, «Қобыланды батыр» жырындағы кейбір этнографизмдер тақырыбының маңыздылығы — осы батырлар жыры арқылы ұлттық тұрмысымызды көре аламыз.
Сондықтан ғылыми жобаны жазудағы мақсатым — «Қобыланды батыр» жырындағы қазақ тұрмысын зерттей отыра, балаларды өз халқының тіршілігі туралы түсінігін кеңейту.
Гипотеза: Оқушылардың қызығушылығын тудырып, қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетініне мақтаныш сезімін тудыру.
Зерттеудің жаңалығы: Тұрмыс – салтымызда қолданып жүрген заттардың түрлері, жасалулары, қолдану орындары сияқты көптеген біз білмеген қырлары ашылуында.
Дербестік дәрежесі: Әдебиеттерді оқып, материалдар жинақтап, оларды сұрыптау. Сараптама жасау.
Жұмыс нәтижесі мен қорытындысы: Оқушылардың ұлттық тұрмыс-салт туралы дүниетанымын кеңейуі, қызығушылығы артуы, танымының артуы.