РефератОқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. 

Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Құл иеленушiлiк құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет болады. нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай – ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi.

Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi – ақ оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен – дi. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды алдын – ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырады. 
Кейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы айтарлықтай роль атқарады деген пiкiр айтты.

Демек, антикалық дәуiрдiң өзiнде – ақ педагогтар оқушылардың өзiндiк ой – тұжырымын жасау, оны дамыту үшiн репродуктивтi және эвристикалық әдiстердi дұрыс қолдану мәселесiне көңiл бөлген.
Орта ғасырлық тәрбиелеу процессiнде дiннiң ерекше роль атқарғанын байқауға болады. дiннiң уағыздауы бойынша, адамды алдағы келетiн «о дүниелiк» өмiрге дайындау мәселесiне мән берiлдi. Шiркеу қызметкерлерi антикалық дәуiрдегi әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны таратушыларды аяусыз жазалап отырды. Мысалы, ҮI ғасырдың соңында Папа Григорий I шәкiрттерiн латын грамматикасына үйреткен епископты жазалауға үкiм шығарған.

ВложениеРазмер
Файл kyzygushylygy.rar12.78 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий