РефератФилософиядан дедукция және индукция әдістері

Дедукция (лат deductios - толық білу) - алғашқы ойдан логикалық жолмен (яғни логика заңына сәйкес) туған жаңа пікірді білдіретін ойлау формасы. Дедукция жалпыдан ерекшеге, одан жекеге апаратын ой қортындысының бір түрі. Ойдың мұндай бір ізділігін тұжырымдау деп айтады, ал осы тұжырымның әрбір компоненті не бұрын дәлелденген пікір немесе аксиома немесе гипотеза болып табылады. Тұжырымның соңғы пікірі қорытынды деп аталады. Дедукция - біздің ойлау процесімізде маңызды роль атқарады нақтылы фактілерді жалпы ережеге салып, одан кейін жалпы ереже бойынша осы нақты фактіге сәйкес белгілі бір тұжырым алғанда біз дедукция формасында ой қорытамыз. Егерде алғы шарт ақиқат болса, онда тұжырымның дұрыстығы материалдық дүниенің заңдылығы, жалпы мен жекенің обьективті қатынасы мен байланысының дедукция еределерін де бейнелеуінен туады.

 

Марксизм - Ленинизм классиктері дедукция мен индукцияның қатынасын дұрыс түсіндіріп дедукцияны зерттеудің бір тәсілі деп көрсетеді. Энгельс дедукцияны индукциямен, анализ, синтезбен қатар ғылыми зерттеу тәсіліне жатқызады. Бірақ ол былай деп ескертеді. Ғылыми зерттеудің бұл тәсілдері элементарлы тәсіл болып табылады. Сондықтан дедукция танымның дербес тәсілі ретінде шындықты жан-жақты зерттеуге дәрменсіз. Индукция (лат. Inductio - ой салу) - жеке фактілер жайындағы ғылыми білімнен немесе жалпы емес білімнен жалпы білімге, тәжірибелік нәтиделерден теориялық жалпылау мен қорытындыға, жекеден жалпыға, белгіліден белгісізге қарай қозғалудың логикалық әдісі. Индукция - жалпылаудың және ой қозғалудың формасы. Ол тәжірибелік таным мен ғылыми зерттеудің тарихымен тығыз байланысқа. Индукция ертедегі үнділік логикада, Лаоцзы еңбектерінде, ертедегі грек логикасында зерттелді. Аристотель өзінің "Бірінші аналитикасынлда" индукцияның қарапайым формасы болатын толық индустрияны қарастырды. Оның "Топикасындағы" индукция толық емес индукцияны да қамтиды. Сондықтан бұл еңбектері айтылған индукция туралы түсінік едәуір кеңірек және жалпыланған. Дегенмен индукция жайындағы аристотельдік түсінік өте жеткіліксіз және қарапайым болды. Өйткені индукцияның танымдағы ролі мен орны дұрыс түсінідірілмейді, индукция ой қорытындысының басқа формаларынан оқшауланып қарастырылады. Жаңа уақыт заманында индукция жайындағы ілім онана әрі дамытылды.

 

Бұл жерде Леонардо да Винчи мен Галилео Галилейді айтамыз. Олар шынайы білімге жетуде тәжірибе мен математика рөліне көп көңіл бөлді. Шынайы ғылым мұхият қойылған тәжірибе мен бақылауға негізделеді. Сонан кейін тәжірибелік нәтижелерден математика тілінде өрнектелген табиғат заңдары мен заңдылықтарын тануға қарай қозғаламыз. Индукция - Галелейдің ғылыми зерттеу әдісінің құрамдас бөлігі және жалпылаудың бір түрі. Ф. Бэконның индукция туралы ілімінде индукция қажетті және сенімді ғылыми ұғымдарды құру әдісі делінеді. Оның пікірінше, тек индукция заттың табиғатын ашады, дәлелдеудің нағыз формасы. Сөйтіп, Ф. Бэкон танымындағы индукция ролін жоғары бағалап, дедукцияны мойындамады. Бұл ілім ағылшын ғалымдары Дж. С. Милль және Дж. Гершель, орыс ғалымдары М.И. Каринский мен Л. В. Рутковский еңбектерінде онан әрі дамытылды. Бұл еңбектердің құндылығымен бірге кемшіліктері де болды. Индукция мен дедукция арасындағы диалектикалық тірлік дедукцияның танымдағы алатын орны мен ролі, индукция мен дедукция түрлері диалектикалық материализмде ғана зерттеледі және дұрыс түсіндіріледі.

ВложениеРазмер
Dedukciya_indukciya.rar11.47 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий