Гендерлік проблемалар және оның шешу жолдары
Гендер термині «жыныс» - деген мағынаны білдіреді. Аталмыш терминді әлеуметтануға енгізген Энн Оукли болатын. Демек жыныс ретіндегі гендер ұғымы ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтардың әлеуметтік аспектілерін қозғайды. Бірақ гендер термині қазіргі уақытта кең мағынада қолданыла бастады. Ол жеке бастың бірегей дарылығын айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге бейнелік деңгейде еркек және әйел жынысының мәдени мұраттары мен стерелтиптерін анықтау үшін қолданылады. 1970 жылдары әлеуметтанушылар мен психологтардың негізгі назары жыныс гендер бар деген мәселені дәлелдеуге бағытталды.
Яғни олар ерлер мен әйелдердің арасындағы жіктелу мен айырмашылықты биологиялық әртүрлілікпен түсіндіруге болмайтынын, мәдени ауанда босым боо отырған еркектік пен әйелдік идеялары шын мәнінде жаттандылық екенін, олардың ақиқат шындыққа салыстырмалы ғана қатысты барын дәлелдеуге тырысты. Жыныс – гендерге, сондай-ақ еркектер мен әйелдердің рөліне қатысты астасып жататын көп мәдени нұсқалар бар екені дәлелденді. Ұлдар мен қыздардың әлеуматтану үрдістерінің нәтижесінде – жастарды тәрбиелеу білім беру, мәдени дамыту, өндірістік қатынастар мен отбасы идеологиясы арқылы ересек ерлер мен әйелдерге айналуы саласында зерттеулер жүргізіліп жатыр. Құрылымдық деңгейде үй шаруасындағы еңбектің тіпті еркек пен әйелдің екеуі де үйден тыс жұмыста болса да, олардың арасында тең бөлінбейтіні зерттелді. Сондай-ақ жұмысқа орналасқанда да жеке бастың қабілеті мен біліктіліктен гөрі жыныстық нышан басып кетіп, әйел затына қалған қызметі тимей немесе жұмыс бабымен өсе алмайды. Кейінгі кезде мәдени деңгейде гендердің құрылымдық өзгерістеріне ынта-ықылас білдіріле бастады. Кейде кәсіпктік жұмыспен қамту құрылымында ерлер мен әйелдерге жұмысты тең бөлмеуге қатысты проблемалар да туындап жатады.
Гендерлік теңдіктің дамыған жері бұл Скандинавия мемлекеті болып табылады. Атап айтқанда Дания, Финляндия, Норвегия және Швецияда 1905-1920 жылдарынан бастап әйелдерге сайлауларға қатысып және өздері де таңдаулы болуына мүмкіндік жасалды. Барлық скандинавилық мемлекеттерде әйелдер мен еркектер өздерінің құқықтары, саясатқа араласу, кез-келген жұмыс істеу мүмкіндігі жағынан тең құқылы болды. Ұлттық әркелкілікке қарамастан гендерлік теңдік бұл елдерде бірдейболды. Бұл елдер басқа елдерден айырмашылығы олардың өкімет басқарушыларына үй шаруашылығы және отбасы жайындағы проблемаларды шешуге жол берілген. Швецияда 1960 жылдары әйелдердің саясат жағында мемлекетке қызмет етуі 29% жеткен ал 1998 жылдары бұл жағдай 48% -ке өсті. Гендерлік теңсіздігіне қарамастан қыз балада, ұл балада орта оқуды бірдей тең дәрежеде білім алуға тиіс, өйткені ол білімін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алады. 1992 жылғы Швецияда қабылданған заң қызмет бабындағы теңдікті одан әрі күшейте түсті. Мемлекет осылайша одан әрі дами түсті. Ал енді Ботсвенде, Чилиде.