РефератДамыған елдердегі баға белгілеу

   Шет елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу тәжірибесін зерттеу, оның заңдылығы мен тенденциясын түсінуге, Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезіндегі баға механизмін қалыптастыруда алған білімді пайдалануға мүмкіндік береді. Олар тәуелсіздігін бізден бұрын алған және олардың экономикасы көптеген ерекшеліктерге ие, сонымен қатар шет дамыған еледрдің баға белгілеу механизмін білу артықшылық етпейді. Сондықтан төменде даыған елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу үлгілеріне тоқталмақшымыз.

   Алпауыт ел АҚШ- тағы баға белгілеу мен баға реттеуге келер болсақ, АҚШ- та 70- жылдары көтерме және бөлшек сауда бағалары қарқынды түрде өсті.Инфляция деңгейі жоғарылай берді. Мемлекеттің жасаған алғашқы қадамы осы инфляция ны бағаны тура реттеу арқылы жеңу болды. 1971 жылы тамызда АҚШ президенті Р.Никсонның ұсынысымен бағаға орталықтандырылған бақылау орнатылды. Ең күрделі экономикалық жағдайды қоғамдық пікірлердің қысымы президентке шұғыл шешім қабылдауға ықпал етті. Инфляцияның күрт түсуі ауыр жағдайға – жұмыссыздыққа әкелу қаупі болды. Қысқа мерзімді жоспарда АҚШ- тағы бағаны тікелей реттеу экономиканы тұрақтандыруға көмектесті. 1972 жылы күзде көтерме және бөлшек сауда бағасы төмендеп, жұмыспен қамтамассыз ету біраз өсіп, ЖІӨ тез өсе бастады.

     Алайда орталықтандырылған реттеудің кейбір жағымсыз салдарлары да көрініс берді. Баға мен жалақыны тоқтату капиталдың салааралық  құйылуын шектеді, инвестицмя әрекеті тоқтап, іскерлік белсенділік деңгейі төмендеді, табыс өсімі азайды.

     1972 жылы  мамырда АҚШ бағаны тура бақылаудан бас тартты. Қазір Америка әкімшілігі  бағасын тура реттеудің кейбір түрлерін және мемлекет тұрғысынан қаржыландыруды шектей отырып, жанама реттеу әдісі мен нарық тұтқасын белсенді пайдаланды, себебі елдегі жалпы экономикалық жағдайды жақсарту керек болды.

     Бағаны жанама  реттеудің негізгі бағыттары:

-         рестрикциондық несие- ақша саясаты, федералды резервтік жүйенің есептік мөлшерлемесін реттеу,

-         тауарлар мен қызмет көрсетуді федералды сатып алуды кеңейту

-         мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту

-         рационалды салық саясаты

  Мұндай мемлекеттік макроэкономикалық саясатты жүргізу арқасында АҚШ ішкі нарықтағы ұсыныс пен сұраныс арақатынасына белсенді түрде өзгерістер енгізді және баға деңгейі мен базалық айырбастау пропорциясын анықтады. Елде соңғы жылда тұрақты және жоғары қарқынды өсу байқалды, елеулі профицитпен сөзсіз қосылатын мемлекеттік бюджеттің тапшылық мәселелері жойылды.

  Қазір бағаны тікелей мемлекеттік реттеу тек жоғары монополияланған салаларда ғана қолданылады. АҚШ- та мемлекет тұрғысынан бағалық 5%- дан 10%-ға дейін ғана реттеледі.

     Франция экономикасындағы баға мәселесіне тоқталар болсақ, Франция өнеркәсібі дамыған елдердің бірі болып табылады. Бұл елде ұзақ уақыт бойы баға мемлекеттік реттеудің қатаң тәртібінде болды. 40 жыл бойы(1947- 1986) бағаны жартылай мемлекеттік реттеу, осы уақытқа дейін сақталған «дирижизм» саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

      Бағаны либеризациялау 1973 жылдан 1980 жылдың екінші жартысына дейін созылды. 1986 жылы мемлекеттік бақылаудан өнеркәсіп өнімі бағасының 90%- ы босатылды.

       Қазір француз үкіметі монополист- салалар кәсіпорындағры өнімінің бағасын реттейді: газ, электр энергиясын, көлікті, ауыл шарушылық өнімдерін. Тауарлар мен қызмет көрсетудің және реттеу бағалары арасындағы арақатынас мынадай: бағаның 20%-ын мемлекет реттесе, ал қалған 80%- ы еркін баға белгілеу тәртібінде  реттеледі.

     Бағаны реттеу ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік әсер етудің, фермерлер мен өнеркәсіп, сауда қызмет көрсету жұмысшылары табыстарындағы паритетті сақтаудың басты аспабы болып табылады.

ВложениеРазмер
danygan_elderdegi_baga_belgileu.rar14.23 КБ
Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий