РефератҚазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

Жоспары:

1 Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі.

2 Конституциялық Кеңестің құзыреті.

1. Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі. Конституциялық Кеңес мемлекеттік органдар ретінде Республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етеді. Өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, ұйымдарға лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, Республика Конституциясына ғана бағынады.
Алғашқы рет біздің елімізде 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Констиуцияға сәйкес Конституциялық сот құрылған болатын. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын қорғауға бағытталған ең жоғарғы сот органы болатын. Конституциялық Сот өз өкілеттігін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсанында қабылдаған заң күші бар «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлығына дейін жүзеге асырды.
Қазіргі қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Конституциясы Конституциялық Кеңестің құрамын, өкілеттігін, оның құрылуын жаңаша анықтайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабына сәйкес Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттілігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады.
Конституциялық Кеңестің екі мүшесін – Республика Президенті тағайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады.
Конституциялық Кеңестің екі мүшесін – Республика Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.

Всего 7 страниц.

ВложениеРазмер
4.zip7 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий