РефератҚазақстан Республикасының Үкіметі

Жоспары:

1 Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы биліктің жоғары алқалық органы.

2 Қазақстан Республикасының Үкіметін құру, оның құрамы және өкілеттік мерзімі.

3 Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыреті.

4 Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілері.

 

1 Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы биліктің жоғары алқалық органы.
ҚР Конституциясының 64-бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.

ҚР Үкіметінің құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясының V бөлімінде “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 1995 жылы 18.10 Конституциялық заңда, ҚР 1997 жылы 24.02 және 1999 ж. 06.05, 2007 жылығы Конституциялық заңдарымен енгізілген өзгерутелер және толықтыруларымен бекітілген. Оларда ҚР Үкіметінің заңдарының табиғаты ашылды, оның мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орны айшықталды және оның қызметі сипатталады. Атқарушы биліктің жоғары алқалық органы ретінде Үкімет мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады, ол оның өкілеттіктерімен қамтамасыз етіледі.

Үкімет министрліктердің, атқарушы биліктің комитеттері және басқа да орталық органдардың жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды және ұйымдастырады.
Атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, ҚР Үкіметі оның жүргізуіне ҚР Конституциясымен, конституциялық заңдармен заңдық күші бар Президент жарлықтарымен жатқызылған мәселелерді өз алдына дербес шешеді. Ол өз құзыреті шеңберінде Конституцияның ,республикалық заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының, ҚР халықаралық шарттарының орындалуын ұйымдастырады. Өзінің барлық қызметінде Үкімет Республика Президенті алдында жауап береді.

Всего 11 страниц.

ВложениеРазмер
9.zip9.67 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий