РефератТұрар Рысқұлов

Қазақ халқының көрнекті пер­зенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің бола­шағы үшін көп нәрсе жасады. Рыс­құловтың артына қалдырған өшпес мұрасы – саясат, экономика және рухани құндылықтар тақырыбына жазған публицистикалық, терең зерттеу еңбектері мен мақалалары бүгінде өз ұрпағына қызмет етуде.

Әсіресе, солардың ішінде эконо­мика және қаржы-қаражат мәселе­леріне арналған еңбектерін ойшыл­дар мен жас ғалымдар әлі       күнге дейін іздеп оқиды. Күні кеше Т.Рысқұлов атындағы Қазақ эко­но­микалық университетінде тұңғыш рет “Бірінші Рысқұлов оқулары” ха­лықаралық конференция мәрте­бе­сінде тұсауы кесілгені осы құр­меттің және орынды ардақтаудың көрінісі деп санауға болады.

Оған Ре­сейдің, Литваның, Қырғыз­стан­ның, Түркияның, Қытайдың, Оң­түс­тік Кореяның, басқа да елдердің ғалымдары және білім беру меке­мелері, еліміздегі банк секторлары, министрліктер мен халықаралық ұйымдардың, елшіліктердің, ірі фирмалар мен компаниялардың жетекші өкілдері қатысуда. – Рысқұлов оқуларының аса мәнді болатын себебі, бұрын бір-бірімен онша байланысы жоқ жеке-дара ғылыми шаралар өткізіліп келген болса, енді елдегі жетекші экономикалық жоғары оқу орны­ның базасында жыл сайын өтетін бұл Оқулардың өзіндік дәстүрі қалыптасып, ол қазақстандық және шетелдік экономистердің ғылыми ой бөлісуінің, отандық және әлем­дік экономиканың ең бір көкей­кесті келелі проблемалары бойын­ша теоретик ғалымдар мен осы мә­селемен тікелей айналысушы­лар­дың арасындағы пікірталасының өнікті бір формасына айналмақшы, – деді Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры, профессор Әли Әбішев ха­лық­аралық конференцияның ашы­лу салтанатында. – Біз өз даму­ын­да сапалық жаңа күйге ұмтылатын қоғам дамудың біртұтас байыптама­сы­на ділгер болатынын өктем түрде сезінеміз. Әлеуметтік-экономи­ка­лық үдерістер эволюциясы век­торы­ның айқын бейнесін нақ сол бере алады және сонысы арқылы жаңартудың шынайы, ғылыми не­гіз­делген бағдарламаларын әзір­леу­дің негізіне айналады.  Рысқұлов оқулары университеттегі ғылыми қызметті барлық деңгейде қарқын­да­тып, дарынды зерттеушілердің ғылыми баяндамалар мен хабар­ла­ма­лар жасауының мінбесіне ай­налуы қажет.

ВложениеРазмер
Turar Ryskulov.rar9.32 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий