РефератӘншілік тыныс

Вокалды – хорлық техникалық негізі болып, әншінің дұрыс тыныс алу дағдысы болып табылады. Дыбыс сапасы осыған байланысты.
Әншілік тыныстың физиологиялық тыныстан айырмашылығы:

- Тыныс алу кезінде фонация пайда болады, біршама ұзаққа созылады, ал тыныс шығару қысқарады.

- Тыныс алу кезеңі автоматты түрден, ойламаған жерден, басқарушылыққа өтеді.

- Тыныс шығару бұлшықетінің одан сайын күшіне енуі әнші тынысының негізгі талабы фонация кезінде тынысты үнемді ұстау.

Әншінің тыныс алуының түрлері.

• Бұғаналық, үстіңгі кеуделік, клавикулярлық және т.б., мұнда белгілі бұлшықеттер қатты жұмыс істейді, ал нәтижесінде екі иық көтеріледі, тыныс алудың бұл түрі қабылданбайды.

• Кеуделік, костальный (сүйектік) ары қарай сыртқы тыныстың қозғалыстары кеуделік жасушаның қарқынды қозғалысымен байланысады, диафрагма тыныс алғанда көтеріледі де, ал іш тартылады.

• Құрсақтық, көкіректік, абдаменальный және т.б – тыныс диафрагманың қарқындылығымен және іш бұлшықетімен сезіледі.

• Аралас, кеуде құрсақтық, кеуде көкіректік, сүйекті абдаменальный және т.б – тыныс кеуделік сияқты бұлшықеттердің қарқынды жұмысы арқылы сезінеді сонымен бірге құрсақтың аймақта және белдің төменгі жағы арқылы да сезінеді.

Вокалдық практикада аралас тыныс алудың да ролі өте зор: диафрагма төмен түседі, жан – жаққа барлық айналымда созылады, қорытындысында әнші кеудесі бел аймағында өзінің көлемін ұлғайтады; бел бұлшықеттерінің сезінуі арқылы ауа өкпенің төменгі жағын талдырады. Жан бұлшықеттері екі жаққа иіріліп қозғалады, ал іш алдыға қарай үрленіп қозғалады; Диафрагма болса одан сайын мығымдана түседі. Әншінің фонациялық тыныс шығару кезінде ән айтқанда тыныс алу қалпын сақтап қалуға тырысса, дыбыс апорасын сезіне білуге деген икемділігіде жоғары болады. Әншілік хордың негізгі талабы ән айтқанда тыныс алған соң шаласы ұстаным болуы керек. Бұл ата кезінде дыбыстың интонациялық тұрғыда жақсы естілуіне, орындалуына әкеледі. Шығарма жылдамдығы тез болған сайын, тыныс алудағы ұстаным қысқаланады.

Хормеистрдің ән айту қойылымы.

ВложениеРазмер
Package icon Anshilik_tynys.zip51.93 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий