РефератҚарқаралы ауданы

Қарқаралы өңірі ерте заманнан бері түркі тектес тайпалардың, оның ішінде қарлық, қыпшақ, оғыз тайпалық бірлестігі үшін темір рудасын өндіретін бірден – бір стратегиялық тұрғыдан маңызды аудан болып қалыптасты.

Көрнекті ғалым А.Х.Марғұлан археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы бұны дәлелдеп берді. Алғашқы саяхатшылар Қарқаралы өңіріне 1785 жылдардан бастап аяқ басты. Патшалық Ресейден әскери адамдары атаман Телятников, капитан Андреев 1786 жылы, кен - өндіріс инженері М.Поспелов пен Т.Бурнашев 1890 жылы, Сібір корпусының тілмашы Ф.Назаров 1913 жылы, Алтай кен округінің маркшейдері М.Шангин 1816 жылы Қарқаралы өлкесінде болып, табиғат байлығын, пайдалы қазбаларын, ескі керуен жолдарын, археологиялық ескерткіштерін,  қазақ халқының тұрмыс – тіршілігін, салт – дәстүрін зерттеген. Қарқаралының шығыс жағындағы Кентөбе, Кенқазған, Қарашоқы кен орындарын атап өтуге болады. Патша өкметі қазақ даласында билік орталығының бекінісін салуды ойластырып болашақ округтік басқарудың мекеніне Қарқаралы таулы аймағы қолайлы деп табады. Сондықтан округтің нақты орнын айқындау үшін 1824 жылы 27 қаңтарда Омбыдан полковник С.Б.Броневский басқарған шекара отряды келіп, қаланың кәзіргі орнын белгіледі. 1824 жылдан бастап Қарқаралы қаласының іргесі қаланды.

ВложениеРазмер
Файл Karkaraly audany.rar10.39 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий