РефератҚазақстан және Германия

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына төрт мәрте сапар­мен келген еді. Әр сапардың, әр кез­десудің өзіндік орны бар. Әсіре­се, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредер­мен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақ­тас­тығын әрі қарай дамытуға қа­тысты мәселелерді талқылады.

Со­ны­мен қатар, Президент Германия­ның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездес­ті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петер­бургте өткен “Үлкен сегіздік” сам­ми­тінде Германияның жаңа Фе­де­ралдық канцлері Ангела Меркель­мен кездескен еді. Кездесу қоры­тын­дысында Қазақстан Прези­денті­не Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақыр­ту түскен болатын.

Сарапшылардың болжамы бой­ын­ша, бүгінде Қазақстан мен Гер­ма­ния арасында түсініспеушілік ту­дыратын проблемалар жоқ, халық­аралық саясаттағы негізгі мәселелер бойынша елдердің ұстанған пози­ция­лары жақын. Мысалы, Қазақ­стан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын қолдайды. Ал Герма­ния Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лық ету ұмтылысына және БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан. Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады.

Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2005 жылға қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғанда, Германия – Қазақстанның Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франция­дан кейінгі алтыншы орында тұр­ған сенімді сауда әріптесі.

Екі елдің экспорт-импорт мәселесінде алыс-берістері баршылық. Мысалы, Гер­мания біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса, Қа­зақ­стан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді. Мемлекеттерді бір-бірімен жа­қын байланыстыратын мәселелер­дің тағы бірі – бірлескен кәсіп­орындар.

Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен 688 бір­лес­кен кәсіпорын тіркелген. Олар­дың басым бөлігі сауда, ауыл ша­руа­шылығы, өнеркәсіп, тағы басқа салаларда жұмыс істейді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Германия ара­сында мәдени-гуманитарлық ын­ты­мақтастық берік орныққан. Бұл Қа­зақстан-Германия мәдени ынты­мақ­тастық мәселелері жөніндегі үкіме­таралық комиссияның іс-шаралары негізінде үйлесім тауып келеді.  

ВложениеРазмер
KZ&Germany.rar7.26 КБ
Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий