РефератАнглия дипломатиясы

Жоспар

Кіріспе

1.  Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы

1.1. Англиядағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы және дамуы

1.2. Джордж Каннинг – саяси қайраткер, сыртқы істер министрі

1.3. Форин офис құрылымы және қызметі

 

2. Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы саясатының  жүйесі

2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері

2.2. Дипломатиялық кадрларды дайындау, іріктеу және оларға қойылатын талаптар

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

 

    Тақырыптың өзектілігі: Халықаралық қауымдастықты дамыту құралы ретінде дипломатияның маңызы өте зор. Дипломатиялық қызметтің жұмысы дипломатияның ең басты құралы болып, халықаралық аренадағы мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Англия дипломатиясы классикалық дипломатия ретінде, өз кезегінде эталон секілді, ол XIX-XX ғғ. әлемдік дипломатияның дамуына зор ықпал етті. Одақтың 50 елдерінің және басқа да мемлекеттердің дипломатиясы ағылшын дипломатиясының әсерімен дамыды. 

    Қазіргі таңдағы экономикалық климаттағы халықаралық қатынастар ерекше маңызға ие. Әлем өзгерістерге толып жатыр. Мысалға, экономикалық қуаттылық шығыс бағытта, яғни Азия бағытында жылжып келеді.

   Ұлыбритания – Біріккен Ұлттар Ұйымы, НАТО және Одаққа белді мүше болып табылады және әлемнің көптеген нүктелерімен байланысы бар ел. Ұлыбританияның  Сыртқы Істер министрлігі немесе  The Foreign and Commonwealth Office – (‘the FCO’ or ‘the Foreign Office’ for short) – ерекше ұлттық актив болуымен қатар, елшіліктер мен консулдықтардың халықаралық жүйесі болып табылады.

    Әлемдік дипломатиялық тәжірибеге британдық дипломатиялық қызметтің қосқан үлесі өлшеусіз. Ұлыбританияның өзге мемлекеттермен қарым-қатынасының өсуі белгілі бір ретте халықаралық байланыстар орнату және осы қызметті атқаратын кәсіби қызметкерлерден тұратын тұрақты аппарат құру қажеттілігі туындады. Бұл аппарат дипломатиялық қызмет немесе  шетел қызметі деп аталған. Ұлыбританияның дипломатиялық қызметте өте ауқымды тәжірибесі бар ел. Британ дипломатиясы мен дипломатиялық қызметінің тарихы шетелдермен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатында 1303 жылғы Көпес хартиясын қабылдаудан бастау алады.

    Ағылшын дипломаттарының әртүрлі кәсіби өнер формаларын меңгеруі қазіргі уақытта да Ұлыбританияға халықаралық аренада белсенді әрекет жасауының факторы болып табылады. Британ дипломатиялық қызметінде империя кезіндегі жұмыс атқарудың дәстүрлері мен стилі, қазіргі уақыттағы қызметтің формалары және әдістерімен сабақтасып жатыр.

  Бұл жұмыста Ұлыбританияның тарихи тәжірибесі, қоршаған ортамен арақатынасының ерекше стилі қарастырылады. Сонымен қатар, қазіргі уақыттағы сыртқы саясат бағытын анықтаудағы дипломатиялық қызмет мекемесінің рөлі мен орнының маңызы қарастырылады.

   Қарастырылып отырған тақырыптың осындай өзектілігі, саяси және тәжірибелік маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын қояды.

 

Зерттеудің мақсаты – британдық дипломатиялық қызметінің пайда болуы мен даму кезеңдерін қарастыру. Британ дипломатиясына зор үлес қосқан тұлғаларға тоқталып өту, олардың саяси көзқарасы мен ұстанымдарына тоқталып өту. Сонымен қатар, дипломатиялық қызметті мекемесінің құрылымы мен қызметінің құрылуындағы негізгі ерекшеліктер мен бағыттарға, дипломатиялық кадрларды дайындау және іріктеудің қалай жүретіндігін қарастыру.

  Зерттеудің міндеттері:

♦ британ дипломатиялық қызметінің қалыптасу кезеңдері мен тарихын зерделеу;

♦ британ дипломатиялық қызметінің өзіндік ерекшеліктері мен стиліне талдау жасау;

♦ форин офистің құрылымы мен қызметін анықтау;

♦ сыртқы саясаттағы дипломатиялық қызметтің орнына баға беру;

♦ дипломатиялық кадрларды іріктеудің қалыптасқан жүйесіне талдау жасау.

4. Зерттеудің деректік көзі.  Курстық жұмыстың негізгі деректік көзі ретінде Англияның Сыртқы  істер министрлігінің  немесе The Foreign and Commonwealth Office ресми сайты көптеген ақпараттар мен мәліметтер көзін табуда зор көмегі тиді. Атап өтсек,  СІМ-нің сайтынан  (The Foreign and Commonwealth Office) британдық дипломатиялық қызметтің даму және құрылу тарихы, құрылымы мен қызметі, дипломатиялық қызметке байланысты соңғы ақпараттар мен деректер қарастырылды. Сонымен қатар, 1961 жылғы дипломатиялық қызмет туралы Вена конвенциясынан көптеген мәліметтер мен дипломатиялық терминдердің анықтамасы және дипломатиялық өкілдікке тағайындау, дипломатиялық қызмет пен миссиялардың негізгі функциялары туралы ақпарат қолданылды. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің (СІМ) екі айда басылымға шығатын «Дипломатия жаршысы» атты журналының зор көмегі тиді. Бұл дерек көзінен В.М.Матвеевтің «британ дипломаттарының ерекшеліктері» деген орысшадан-қазақшаға аударылған мақаласы қарастырылды.

 5. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысы барысында тарихи оқиғаларды сараптауда, оларға объективті көзқарас қалыптастыруда, тарихи процесстерге нақты баға беру үшін, маңызды деректер қатарына сүйендім. Осы деректер тізіміне келесі авторлардың кітаптарын атап кетуге болады:  Ричард Залеттің  «Дипломатия» атты еңбегінде дипломатиялық және консулдық қызметтің пайда болуы мен оның дамуының маңызды этаптарын, негізгі мәселелерін, оның халықаралық саясат пен халықаралық қатынастардағы орны мен мәні айтылса, Ұлыбританияның дипломатиялық қызметін зерттеуде, В.М Матвеевтің «Дипломатическая служба Великобритании» атты  еңбегінің көмегі зор болды. Бұл еңбекті қарастыра отырып, дипломатиялық қызметтің қалыптасу тарихынан, дипломатиялық мекеменің құрылымынан, атақты да әйгілі министрлердің саяси ұстанымдарын, дипломатиялық мекеменің пайда болуы мен дамуын, кадрларды іріктеу, дайындауда жүргізілетін негізгі іс-шаралар туралы көптеген ақпарат алынды.

   Дипломатияны – сыртқы саясаттың ең басты құралы деп есептеген Г.Никольсонның «Дипломатия» атты еңбегінің көмегі тиді. Оның еңбегінде ағылшын дипломатиясының жүйесі, дипломатиялық қызметтің пайда болу және дипломатиялық қызметте жүргізілген реформалар, қызметке тағайындау ерекшеліктері айтылады. В.И.Поповтың лекциялар курсы ретінде жазылған «Современная дипломатия: теория и практика» кітабынан елдердің, соның ішінде Ұлыбританияның дипломатиясының ерекшеліктеріне, дипломатияның әдістері мен тәсілдері, дипломатияға қатысты қызықты мәліметтер мен ақпараттар  қарастырылды.

    Негізгі дипломатиялық терминдер мен түсініктердің анықтамасын Захарова мен  Коновалованың  «Основы дипломатической и консульской службы» оқулығынан қарастырылды. Сонымен бірге,  Дипломатическая служба. У/п Зорин В.А. «Основы дипломатической службы» оқулықтарын айта кету керек. Ақпараттың басқа көздері – интернет ресурстары да пайдаланды. Оған: www.fco.gov.uk(The Foreign and Commonwealth Office), Википедия, Электронная библиотека сайттарының көмегі зор болды.

6. Зерттеудің методологиялық негізі

    Курстық жұмысты жазу барысында құжаттарды зерттеу, талдау  және салыстыру, қорытындылау әдістері пайдаланылды. Сонымен қатар, Ұлыбританияның дипломатиялық қызметінің даму тарихы және қалыптасу тарихын қарастырғанда ивент-анализ әдісі қолданса, саяси тұлғалардың көзқарастары мен ұстанымдарын қарастырғанда когнитивті әдіс қолданылды.

7. Жұмыстың құрылымы      Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon angliya_diplomatiyasy.doc528 КБ
Тип работы: 

Добавить комментарий