РефератII дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс

 

Араб-Израиль шиеленісі

 

XIX ғасырдың 60-70жылдары Таяу Шығыс мемлекетінің сыртқы саясаты өзіндік суреттермен бояуларға ие болды. II дүниежүзілік соғыстан соғыс аяқталғанға дейін дамыған державалардың отары болып, солардың қуыршағына айналған Таяу Шығыс елдері, соғыстан кейін әлсіз экономикасын, қалпына келтіру үшін екі жаққа, көбінесе әліде өз метрополияларына жалтақтады. 60 жылдардан дейін тәуелсіз мемлекеттер құрып, олардың көбі монорхияның қүрылымында болды. өзара біріккен әскери СЕНТО, СЕЯТО одақтары құрылды. Палестина-Израиль. 1960 жылы Таяу Шығыстағы өткір дипломатиялық күрес Израильдің араб мемлекеттеріне агрессиясынан басталды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Таяу Шығыста Ұлыбритания өз үстемдігін сақтай алмады. 1922 жылдан бері Ұлттар Лигасы мандатының негізінде ағылшындар басқарып келген Палестинада да ағылшындарға қарсы баскөтерулер болды. Англия Палестинаның бұдан былайғы тағдыры туралы мәселені БҰҰ талқылауына беруге мәжбүр болды.

 

1947 жылы    қарашада    БҰҰ    Бас   Ассамблеясы Британ мандатын    жою,    Палестинаның    территориясында    екі:    араб және     еврей     мемлекетін     құру    туралы   қарар  қабылдады. Иерусалим  ерекше  халықаралық режимдегі  дербес  әкімшілігі бар қала болды.

 

1948 жылы    мамырда  Израиль   мемлекетінің құрылғандығы     жарияланды.     Өзінің     өмір     сүре     бастаған алғашқы   күнінен   бастап   Израиль   Палестина   арабтары   мен араб мемлекеттері жөнінде агрессиялық саясат жүргізді.

 

1960 жылы Израильдің сыртқы саясаты АҚШ-пен американ-израиль әскери келісімшартын жасауға бағытталды. АҚШ бірден келіспейтіндіктен Израиль ГФР-мен қатынасты жақсартуға ұмтылды.

Тип работы: 

Добавить комментарий