РефератБухгалтерлік есепке заңнамалы- нормативтік құжаттардың әдістемелік жинағы

КІРІСПЕ
«Білім - өсу және жеке тұлғаны дамыту ұшін».
ҚҚЭУ –тінің ұраны

Қазақстандық бухгалтерлік есепті халықаралық қыржылық есеппен жақындату барысында кейінгі кезде қазақстандық бухгалтерлік есеп жиі және өте көп өзгерістерге ұшырап жатыр. 2007ж. 28.02. «Бухгалтерлік есеппен қаржылық есептілігі туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда бухгалтерлік есеп ұлттық және халықаралық қаржылық стандарттарына сәйкес жасалу тиіс.  Бүгінгі күнге  ҚР ҚМ ұлттық қаржылық есептілік стандарттары № 1,2 жасалып бекітілген.
№1 ҰҚЕС жеңілдетілген декларацияның негізінде шаруа немесе фермерлік қожалықтарға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - субъект) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін анықтау мақсатында «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
№2 ҰҚЕС шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілігті жасау тәртібін анықтау мақсатында қарастырылған.
Қаржылық есептілік бүгінгі күнге – негізгі ақпараттау құжат, бұл құжаттың мәліметтері бизнесті басқару барысында тиімді шешімдер қабылдау үшін қажет.
Заңнамалы, нормативті-құқықтық құжаттарда жиі жасалатын өзгерістермен қосымшалар есептік құжаттарға да сол өзгерістерді еңгізуді мәжбүр еткізеді. Сондықтан ұсынылып отырған «бухгалтерлік есепке әдістемелік жинағы» өте орынды және қажетті тек оқу процесіне ғана емес өз бетімен бухгалтерлік есепті меңгеретін тұлғаларға да орынды. Әдістемелік жинағында бухгалтерлік есепті жүргізуге қажетті құжаттар жинақталған – бухгалтерлік есептің типтік шот жоспары, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі туралы» Заң, № 1,2 ҰҚЕС, бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі, есеп саясаттың үлгісі, еңбек кодексі,  № 2 ҰҚЕС бойынша типтік операциялары.

 

Тип работы: 

Добавить комментарий