РефератДигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

Г.Мендель бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибенің негізінде бірнеше заңдылықтар ашқан болатын. Ол кезде клетканың мейоздық бөлінуі, ДНҚ-ның редупликациялануы, тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы және т.б. ашылмаған еді. Кейіннен, цитология ғылымының дамуына байланысты Мендельдің заңдылықтары цитологиялық тұрғыдан қайта қарастырылды.

Таяқша тәрізді хромосомаларда тұқымның сары және жасыл түсін анықтайтын — А және а гендері, нүкте тәрізді хромосомаларда тегіс және кедір-бұдырлы қабықты анықтайтын — В және b гендері орналасқан делік. Олай болса, аналық дарақтағы екі қызыл таяқша тәрізді хромосомаларда АА екі қызыл нүкте тәрізді хромосомаларда ВВ гендері; аталық дарақтағы дәл сондай көк түсті хромосомаларда аа және bb гендері орналасады. Бұл дарақтардың әрқайсысынан тек бір-бір сортты гаметалар түзіледі. Гаметаларда мейоздық бөлінуге байланысты ұқсас хромосомалардың әр жұбынан бір хромосомадан ғана бар.

Мұндай гаметалар қосылғанда дигетерозиготалық, яғни белгінің екі жұбы бойынша да гетерозиготалы АаВb генотипі қалыптасады. Генотипі дигетерозиготалы организмнен мейоз кезінде хромосомалардың экватор жазықтығында кездейсоқ орналасу ретіне байланысты әр жұбынан бір-бір сыңардан екі жақ полюске тартылады. Полюске жеткен ұқсас емес екі хромосомадан төрт түрлі үйлесім түзіледі. Соған сәйкес төрт түрлі гаметалардың қалыптасу мүмкіндігі болады.  

Ұрықтану кезінде гаметалардың қосылуы да кездейсоқ жүреді. Міне, соның нәтижесінде екінші ұрпақта F2 9 түрлі генотип түзіліп, 4 түрлі фенотип көрініс береді.

Бұл фенотиптердің екеуі ата-аналық дарақтарға ұқсас келеді. Олар: сары және тегіс, жасыл және кедір-бұдырлы тұқымдар. Қалған екі түрлі фенотип ата-аналарына мүлде ұқсамайды. Олар: сары және кедір-бұдырлы, жасыл және тегіс тұқымдар. Мұны мейоз кезіндегі қосылу (конъюгация) құбылысына байланысты гендердің алмасуының нәтижесінде түзілген жаңа үйлесімдер деп түсінеміз.

ВложениеРазмер
Файл Degibridty butandastyru.rar5.29 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий