РефератМемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері

 

Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет өндiрiстiк қатынастарыды бейнелеп, соған лайық метериалдық –заттық көрiнiс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында –бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда жүрiп жатқан нақты экономикалық процестерi мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi. Бюджет –қоры қоғамдық өнiммен ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнiң тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы өндiрiстi ұлғайтып, халыққа әлеуметтiк- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiнде қажеттердi қанағаттандыру үшiн мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнiң объективтi алғы-шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесiн бiлдiредi.

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.

Мемлекеттік  бюджеттiң кiрiстерi (арнайы эканомикалық аймақтардың қаржы қорларына есептелетiн сомалардан басқа) олар салықтардан, алымдардан, төлемақылар мен мемлекеттік баждардан тұрады.

     Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жѕзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып табылатындығында.

     Салықтармен бюджетке төленетін басқа да төлемдер қаржының бастапқы категориясы болып табылады.

     Салықтар басқа да төлемдер мемлекетпен бiрге пайда болды және мемлекеттiң өмiр сүрiп, дамуының негiзi болып табылады. Адамзат дамуының бүкiл тарихы бойына салық нысандары мен әдiстерi өзгердi, игерiлдi, мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен сұрау салуларына бейiмделдi. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүредi.

    Мемлекетке түсетiн салық түсiмдерiнiң сипатты ерекшелiгi олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейiн иесiз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергiлiктi органдар белгiлейтiн түрлi мiндеттi мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады; бұған әлеуметтiк сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, соның iшiнде бюджеттен тыс қорларға төленетiн жарналар мен аударымдар жатады, олар белгiлi бiр, ұзақ мерзiмдi көлемде өнiмнiң, жұмыстың және қызметтер көрсетудiң өзiндiк құнынан, табыстан (пайдадан), еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелiнедi.

Салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен мазмұны олар атқаратын функцияда толық ашыла түседi. Жалпы қаржы категориясы түрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгiштiк функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретiнде қарастырған жөн.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi – ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы, мемлекеттiң кiрiстерiн және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады. Салықтардабасқа да төлемдермемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi, ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi, олардың түрлерi мен ролi қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгiлi философ Френсис Бэкон салықтардыбасқа да төлемдердітөлеу – әрбiр азаматтың қасиеттi борышы деген едi.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-шi бабында: заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әрi мiндетi болып табылады, - деп жазылған. Яғни бұл менің курстық жұмысымның маңызлыдығын көрсетеді. Курстық жұмысым үш бөлімне тұрады: жұмыстың бірінші бөлімінде төлемақылардың мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы экономикалық мәні онда 2001 жылдың 12 маусымынан қабылданған Жаңа Салық Кодексі және 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске қосылған Салық Кодексі бойынша Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке  төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 9 төлемақылардың мәні мен ерекшеліктерін, ал екінші бөлімінде алымдар мен төлемақыларды есептеу және рәсімдеу жолдары қарастырылды. 

Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий