РефератОрталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселелері

 

Тақырыптың өзектілігі XXғ. аяғы – XXIғ. басында ғаламдық және аймақтық деңгейде саяси-экономикалық салада мемлекеттер арасындағы өзара тәуелділік және әлемде пайда болған жаңа қауіптерге төтеп беру үшін бірігіп қызмет ету іс-шаралары күшейе түседі. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы ынтымақтастық жаңа көрініс алды. Оңтүстіктен төніп тұрған қауіптер – аймақтық қақтығыстар, халықаралық лаңкестік, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, демографиялық теңсіздік бүгінде Солтүстік елдерінің басты назарын аудартып отыр.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азияда бес тәуелсіз мемлекет пайда болды. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан.  Орталық Азия посткеңестік аймақтағы маңызды стратегиялық аймаққа айналды. Табиғи қазба байлықтарға бай Орталық Азия аймағы әлемдегі ірі державалардың мүдделері тоғысқан аймақ болып табылады. Кеңестер Одағынан бөлініп шыққан мемлекеттер ендігі жерде өз қауіпсіздіктерін қалыптастыруға кірісті. Қауіпсіздікті берік қамтамасыз ету мақсатында тынтымақтастық шаралары жүзеге асырыла бастады. Ең алдымен Орта Азия мемлекеттері арасында дипломатиялық қарым‑қатынастар орнатылып, екі жақты қатынастарда қауіпсіздік саласындағы келісімдер жасала бастады. Осы қатынастардың негізінде тынтымақтастық ұйымдары құрыла бастады. Мұндай ұйымдардың жарқын мысалы Шанхай Тынтымақтастық Ұйымы, Ұйымдық Қауіпсіздік Шарты туралы Ұйым. Қазіргі таңда осы ұйымдардың аясында қауіпсіздікке әсер ететін мәселелермен түрлі бағытта күрес шаралары жүргізілуде.     

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдамасында айтқандай, «ұлттық мүддені қорғауды және болашақта аймақтағы күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудің жолы – интеграция саясатында жатыр. Сондықтан да бірінші кезекте Қазақстан өз сыртқы саясатында басты назарды Ортаазиялық интеграциялық үрдіске бөлуі тиіс», – дейді.

         Жұмыстың негізгі мақсаты - Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік  жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау, сонымен қатар  Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттарын, Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы мәселелердің ерекшеліктері мен қайнар көздерін, осы мәселелерді шешуге бағытталған тынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашып көрсету. Осы мақсаттарға жету үшін біз төмендегідей міндеттерді алға қойдық:

·        Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік  жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау.

·        КСРО құлдырағаннан кейінгі тәуелсіздік алған мемлекеттердің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайын, сыртқы және қауіпсіздік саясатын қарастыру.

·        Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттары зерттеу

·        Орталық Азия елдерінің ішкі қауіпсіздік саласындағы тынтымақтастығынталқылау.

·        Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік саласындағы тынтымақтастықтың жаңа бағыттары

Қазақстандық зерттеушілер қазақстанның сыртқы саясатында мемлекеттік маңызы бар мәселелер турасында жазған белгілі тарихшы-ғалымдардың еңбектері бар.

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық, ғаламдық, саяси, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар Орта Азиядағы ішкі қауіпсіздік жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны сияқты мәселелер белгілі ғалым М. С. Әшімбаев еңбектерінде қарастырылып, жан-жақты талдау жасалынған [3].

Тарих ғылымдарының докторы М. Т. Лаумуллин өзінің «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы қауіпсіздік, сыртқы саясат және халықаралық қатынастыр: 1991 – 2001» [14] еңбегінде Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді, тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тарихын қарастырады. Зерттеу барысында Қазақстанның ядролық қауіпсіздік мәселесіне және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа аспектісіне үлкен көңіл бөлінеді.

Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасының оқытушылары  К. Н. Макашева, Қ.Е.Байзақованың,   және т.б. еңбектері бар.

 

Жұмыстың  құрылымыкіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды,  пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үлкен екі тарауға бөлінген, бірінші тарау Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік мәселелерінің негізгі аспектілері. Ал екінші тарау Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы баяндалады. Жұмыстың құрылымы қорытынды және пайдаланылған әдебиетпен бітеді. 

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon ortalyk_aziya_aymagyndagy_kauipsizdik_mseleleri.doc186 КБ
Тип работы: 

Добавить комментарий