РефератҰлт және дін

 

АУМАЛЫ-ТӨКПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ

ҚОҒАМ, ТҰЛҒА ЖӘНЕ ДІН

 

Қоғам – адам баласын басқа махлұқаттан даралайтын басты қасиеттің бірі. Жеке тұлғалардан (фәрдтер) құралатын адам қоғамы кейде тұрақты әлеуметтік сипат танытса, кейде экономикалық (ықтисади), саяси һәм әлеуметтік (ижтимағи) өзгерістер салдарынан кернеулі де тұрақсыз кейіп танытады. Сойылынан қан тамған Кеңес империясының құрдымға кетуімен басталған әлеуметтік өзгерістер мен дағдарыстар зобалаңы біздің елімізді де шарппай қойған жоқ. Соңғы 10 жылдың көлемінде елімізде менталитет, ой-сана, тәрбие, сенім, дағды жағынан жаңа қоғам – Қазақыстан қоғамы қалыптасуда. Қазақыстан азаматтары – Қазақыстан қоғамын қалыптастыратын фәрдтер. Ықтисадтық, демографиялық, психологиялық, саяси, әлеуметтік өзгерістер әбден күшейген осы кезеңде фәрдтерге (жеке адамдарға) назар аударып, олардың аумалы-төкпелі кезеңді шығынсыз һәм жарақатсыз өткізуіне көмектесуіміз ләзім. Бұл біздің еліміздің келешектегі өміріне тікелей тәсір ететін жағдай. Біздің осы мақаладағы мақсатымыз – өтпелі кезеңдегі фәрд пен қоғамның әлеуметтік мәселелерінің шешілуіндегі діннің рөлін, маңызды орнын талдамақ.

Дін дегеніміз тұңғыш инсан] Адам Атамыздан бері қарай мәужүт нәрсе. Бәшериет тарихында дін әрқашан да болған, бола да бермек. Атақты философ Һенри Бергсон (Henry Bergson, 1859-1941): “Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәнді яки фәлсәфәні білмейтұғын инсан қоғамдарын кездестіруге болады. Бірақ, дінсіз ешбір қоғам болмайды” деген. Тағы бір батыстық философ Уильямс Жеймс (Williams James, 1842-1910) болса: “Біздің ойымызша адам баласы ең соңғы күнге дейін құлшылығын жалғастырмақ” деген. Эрнест Ренан (Ernest Renan, 1823-1892): “Сүйген нәрселеріміздің, дүниедегі өміріміздің және нығметтердің бәрінің жоқ болып кетуі мүмкін. Діндарлығымыздың жоғалуы болса әсте мүмкін емес” дейді. Бартемели Сэйнт Хилаирдың (Bartemely St. Hilair) діндарлықтың пайда болуы хақында айтқаны: “Ілім деген не? Инсан деген не? Бұлар қайдан келді? Оларды кім жаратты? Соңы қалай болмақ? Хайат деген не? Өлім деген не? Өлімнен кейін не болмақ? Әр милләт, қоғам және жамағат осы сұрақтарға өзінше жақсы-жаман, қабылданар-қабылданбас жауаптар берген. Міне, діндарлық дегеніміз осы” деген. Сондықтан, дін секілді адамның адамдығының басты көрсеткіші болып табылатын қасиетті ұғымның әлеуметтік өмірдегі орны мен маңыздылығын жете зерттеп, әбден түсінуіміз шарт. Діндер тарихын зерттеген мамандар діни сезімдердің адамдарды біріктіруде қандастық, жерлестік, руластық, нәсілдестік қатарлы факторлардың бәрінен де күшті болғанын дәлелдеген. Дін адамның өзінің жаратылысындағы құпияларды анықтап, табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы қозғалыстардың астарын түсіну үшін ізденіске түсуінен, сұрақтарға жауап іздей бастауынан алау алған сезімнен туындайды. Құран Кәрімдегі мына аяттар осыған саяды

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon ult_zhne_din.doc234 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий