РефератРашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидің «Жами-ат-Тауарих» еңбегі

 

Рашид-ад-дин өзінің бұл шығармасында Орта Азияны, Ресейді жаулап алған Шыңғыс ханның, оның балалары мен немерелерінің кезінде моңғолша жазылған «Алтын дәптерді», араб тарихшысы Ибн-әл-Әсірдің «Шежіресін» Жүзжани 1260 жылы Үндістанда парсыша жазған «Насыр кестесін», Түркістан мен Монғолияны әбден аралаған, жетік білетін Жувейнидің 1260 жылы парсыша жазған «Жаһангушей» атты кітаптарын да пайдаланғаны байқалады.

  «Жәми ат-Тауарих», қазақша айтқанда «Жаппы тарих» деп аталатын үш томдық бұл кітапта Адам атадан Ғазан ханға дейінгі оқиғалар, оның ішінде пайғамбарлар, халифалар, оғыз, қытай, үнді, израиль, европалықтар тарихы сөз болады. Алайда, осы үш томдық кітаптың екінші томының кейбір тараулары ғана сақталып, үшінші томы түгелдей жоғалып кеткен екен. Біздің жалпы түркі, оның ішінде Қазақстан тарихына қатысты материалдардың бәріне де шолу жасай алмайтындығымыз белгілі. Сондықтан да біз бұл кітаптан тек Тараз тарихына тікелей қатысты жерлерін ғана пайдаландық.

  Кітап авторы Рашид-ад-дин Фәзлолла Хамаданидың туған жылын парсы ғалымдары 1239 немесе 1246, әйтпесе 1248/1249 жьлы деп көрсетеді. 1336 жылы Ғазан ханның немересі Сұлтан Олжайту ханды Рашид-ад-дин дәрігер ретінде у беріп өлтірді деген желеумен атақты тарихшының ұлын көз алдында басын шаптырып, өзінің денесін де бөлшектеп, басын Тәбрез қаласында іліп қояды. Өйткені, Рашид-ад-дин мусылман дінін қабылдаған евреи екен. Ол кезі тірісінде мешіт салғызған. Рашид-ад-диннің «Жами -ат Тауарих» атты кітабын халқымыздың төл тарихшысы жалайыр Қадырғали би өз шығармасында қысқарта пайдаланып, кейінгі тарауларын қазақ хандығының тарихына арнағандығы белгілі. Сол сияқты Дулат Мұхаммед Хайдар мырза да «Тарихи-и Рашиди» шығармасын жазғаңда осы Рашид-ад-диннің «Жами-ат Тауарих» кітабын   өнеге еткен.

  Сонымен, Рашид-ад-диннің «Жами-ат Тауарих» атты кітабынан тек Тараз тарихына тікелей қатысты бір тарауынан үзінді:

Күшліктің қарақытай гурханды паналауы және айтқан сылтауы. —

Күшліктің қаза болуы әрі моғолдар қолынан найман патшалары билігінің күйреуі

Күшлік (хан) Шыңғыс ханның қолынан кашып жүріп гурханды паналады. Ол (гурхан) ұлы патша болатын. Бүкіл Түркістан мен Мауароннаһр өлкесіне билік ететін қалың қолы болды, сән-салтанатпен туратын. Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шахтың аталары оған жыл сайын отыз мың алтын динар беріп тұруды өз мойынына алған еді және өз ұрпақтарына да аталмыш міндеттемеге берік болуды тапсырып, әрі бұл үшін ешқашан дау-дамайға бармауларын өсиет еткенді. Өйткені, ол мықты жаулардың яғни моғол, найман, тағы    басқа   беделді түрік тайпалары алдында тұра алатын өте берік бөгет екеннін ескерген еді. Гүрхан оны (Күшлікті) қатты құрметтеп, оған барынша жақсылық жасады. Біраз уақыт өткен соң тіпті оған өз қызын ұзатты.

  Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шахтың істері оңға басып, Гүр, 
Ғәзне, Хорасан, Ирақ елдерін өзіне қаратып, Түркістанның бір 
бөлігін алған соң сән-салтанаты арта түсті. Содан кәпірлерге салық төлеуден бас тартып, гурханға келісілген төлемді 
тоқтатты. Жан-жақтан әскерлер жинақтап, Мауароннаһр өлкесін 
азат ету мақсатында Бұхараға жорық жасады. Содан 
аймақтардағы әмірлерге хат жолдап, оларға тарту бере 
бастады. Сөйтіп, Афрасиаб ұрпағынан саналатын Самарқанд 
патшасы сұлтан Осман көп уақыттан бері гурханға ренжіп 
жүргендіктен Сұлтан Мұхаммедтің шақыруын қабыл алып, онымен одақтасты.

Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий