РефератСтатистика

 

«Статистика» терминілатын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді. Статистиканың ғылым ретінде қалыптасуы XYII
болып табылады. Бірінші деңгей – статистиканың жалпы теориясы. Екінші деңгейде экономикалық және әлеуметтік (әлеуметтік-демографикалық) статистика.

         Экономикалық статистика экономика саласындағы құбылыстар мен процестерді зерттейді: салалардың құрылымын, үйлесімін, өзара байланысын және қоғамдық өндірістің элементтерін

         Әлеуметтік статистика – адамдардың өмірлік қызметі жағдайын және әлеуметтік қатынастың әр түрлі аспектілерін сипаттайтын барлық әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.

         Үшінші деңгейде салалық статистика: экономикалық статистика салалары: өндіріс, ауылшаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, табиғи ресурстар статистикасы. Әлеуметтік стаистика салалары: халық, саясат, мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, ағартушылық және т.б. статистикасы.

         Негізгі ұғымдар:

Статистикалық жиынтық- нақты бір салмақтыққа, бірлікке, бүтіндікке, өзара тәуелділікке ие бірліктердің көптігі.

Жиынтық бірлігі– нақты бір белгіге ие көптің жеке алынған элементі.

Белгі – жиынтық бірлігінің жалпы құрамы, сипаттамасы, ол бақылануы немесе өлшенуі мүмкін.

Сандық белгі– сандық мәнменкөрсетіле алатын белгі.

Сапалық белгі(атрибутивті) – мағыналық мәні бар, сандық көрсетілімге жатпайтын белгі.

Варияция– жиынтықтың жеке бірліктерінің белгісі мәнінің аутқуы, әртүрлілігі, өзгерілуі.

Статистикалық көрсеткіш– зерттелетін объекті құрамының сандық бағасы.

Статистикалық заңдылық– жекеше алып қарағанда кездейсоқ болып көрінетін құбылыстардың көп сан түрінде байқалғанда, оның қажетті құбылыс ретінде анықталуы б.т.

Статистикалық бақылау– бұл жоспарланған, ғылыми ұйымдастырылған, қоғамдық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы мәліметтерді жинау, оның мәні әр жиынтық бірліктерінің өз белгілеріне тән топтарға бөлінуі.

Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий