РефератСөйлем мүшелеріндегі бастауыш пен баяндауыштың рөлі

 

Бастауыш болатын сөз таптары. Әуелі бастауыш болатын — атау тұлғасындағы зат есім. Мысалы: Бала ойнайды. Ат шабады. От жанады. Бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайык. Олай табу үшін мысалға алынған сөйлемнін әрқайсысында не туралы сөйленіп тұрғанын ашу керек.

1-інші сөйлем. Бала ойнайды. Мұнда кім турасынан сөйленіп тұр?— Бала турасынан.

2-інші сөйлем: Ат шабады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр?— Ат турасынан.

3-інші сөйлем: От жанады. Мұнда не турасынан сөйленіп түр?—От турасынан.

Сүйтіп, бұл сөйлемдерде бала, ат, от турасынан сөйленген болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың ішкі белгілері бар, сондықтан бұлар бастауыш болуға тиіс.

Енді тысқы белгілерімен тауып қарайық. Олай  табу  үшін «кім?», «не?» деп сұрау салу керек. Сол сұрауға қай сөз жауап берсе, ашып айтқанда, қай сөз сұрауға жауап болып табылса, сол сөз бастауыш болмақ. 1-інші сөйлем: Бала ойнайды.   Кім ойнайды?—Бала. 2-інші сөйлем: Ат шабады. Не шабады?—ат.  3-інші сөйлем: От жанады. Не жанады?—от. Сүйтіп, бұл сөйлемдерде «кім?», «не?» деген сұрауларға жауап берген сөздер:, бала, ат, от болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың тысқы белгілері бар болып табылды. Ішкі, тысқы екі белгісі де бар болған соң, бұл сөздер бастауыш болады.

Бала, ат, от — атау тұлғасындағы тұрған зат есімдер. Екінші бастауыш болатын — атау тұлғасындағы сын есім,   Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады. Бұл сөйлемдерде  сөйленіп сөз болып отырған —көп пен терең. Солай болған соң ішкі белгісі бойынша бастауыш көп пен терең болуға тиіс. Тысқы белгісімен қарағанда, «кім қорқытады?»—көп, «не батырады?»-терең. Мұнда да «кім?», «не?» деген сұрауларға жауап  беріп тұрған «көп»  пен «терең»  деген сөздер.   Ішкі,  тысқы белгі бірден табылып тұрған соң бұл сөздер бастауыш болады. «Көп» «терең» деген сөздер атау тұлғасында тұрған сын есімдер. Үшінші, бастауыш болатын атау тұлғалы сан есім,  мысалы: берерменге бесеу көп. Біреу тойып секіреді. Ішкі   белгісі   бойынша бастауыш бесеу, біреу болуға тиіс, өйткені 1-інші сөйлемде болып отырған бесеу, 2-інші сөйлемде біреу деген сөздер.

Тысқы белгісімен іздесек: берерменге не көп?—бесеу,  кісі тойып секіреді?— біреу.

Бұл бастауыштың тысқы белгілері бесеу, біреу деген сөздерден табылған соң, бастауыш осылар болады.

Бесеу, біреу атау тұлғасында тұрған сан есімдер.

Төртінші, бастауыш болатын- атау тұлғалы есімдік. Мысалы: Мен келдім, сен кеттің. Ол терең, бұл тайыз.

1-інші сөйлемде мен туралы, 2 –інші сөйлемде сен туралы, 3-інші сөйлемде ол туралы, 4-інші сөйлемде бұл туралы сөйленіп тұр. Сондықтан мен, сен, ол, бұл бастауыш болады. Бұл ішкі белгісі бойынша. Енді тысқы белгісімен қарағанда: Кім келді?— мен, кім кетті?—сен; не терең?—ол; Не тайыз?—бұл. «Кім?», «не?» деген сұрауларға жауап беріп тұрған сөздер—мен, сен, ол, бұл. Сондықтан бұл сөздер бастауыш болатыны даусыз.

Сүйтіп, мен, сен, ол, бұл деген сөздер ішкі белгісімен де бастауыш болып шығып тұр.

Бұл сөздер атау тұлғасында тұрған есімдіктер.

Бесінші, бастауыш болатын — етістіктің тұйық райы мен есімшеге айналған түрлері. Мысалы: Алсыпақ жоқ, атыспақ бар. Оқу оңайланды. Жығылған күреске тоймас.

Мұнда сөз болып отырғандар: 1-інші сөйлемде алыспақ, 2-інші сөйлемде атыспақ, 3-інші сөйлемде оқу, 4-інші сөйлемде жығылған.

Ішкі белгісінше алыспақ, атыспақ, оқу, жығылған бастауыш болады (солар туралы сөйлеп отырмыз). Тысқы белгісінше де бастауыш болатын сол сөздер: не жоқ?— алыспақ, не бар?— атыспақ, не оңайланды?—оку, кім күреске тоймас?—жығылған.

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon soylem_mushelerindegi_bastauysh_pen_bayandauyshtyn_roli.doc75.5 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий