РефератСталинград шайқасы реферат

 

Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл  19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экон. маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23 – інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару – жарақтардың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62 (қолбасшысы – генерал – лейтенант В.И.Чуйков) және 64 (қолбасшысы – генерал – мойор М.С.Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қоршауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1945 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбііне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал – полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г.К.Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді. Неміс – фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері біршама шығынға ұшырағанына қарамастан, 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15 – іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны 

ВложениеРазмер
stalingrad_shaykasy_referat.doc53.5 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий