РефератПатрик Диксонның СПИД (ЖҚТБ) туралы кітабынан

 

Патрик Диксон 12 кітаптың, солардың ішінде «ЖҚТБ/СПИД/ЖИТС туралы шындық», «Геттодан қалаға», «Ояныштың белгілері», «Генетикалық төңкеріс» атты және т.б. туындылардың авторы. Ол дәрігер мамандығы бойынша диплом алып, содан соң ракпен ауырғандарға, кейіннен ЖҚТБ-ны жұқтырған науқастарға күтім көрсетуге маманданды. «ЖҚТБ туралы шындық» деген кітабы жарық көргеннен кейін, ол 1988 жылдың маусым айында «АСЕТ» атты халықаралық бірлестіктің негізін қалады. Бірлестіктің толық аты — Aids Care Education and Training, яғни, ЖҚТБ: күтім, ағарту ісі және дайындау. Оның қызметі — өздерін ЖҚТБ-мен ауырған науқастарға күтім көрсетуге арнаған адамдарға білім беріп, оларды дайындау. Оның мақсаты — ұлттық әрі халықаралық деңгейде ЖҚТБ індеті жайында сенім тұрғысынан түсінік пен көмек беру. Доктор Диксон 1991 жылға дейін АСЕТ-тің бас директоры болды. Бүгінгі таңда ол бірнеше тәуелсіз қозғалыстардың «Халықаралық альянс АСЕТ» атты бірлестікті басқаруға көмек көрсетуде. Диксон, сонымен қатар, ата-аналары ЖҚТБ-дан қайтыс болған жетім балаларды асырап алуға бағытталған «HIV Hope» (АҚТҚ-дан зардап шеккендерге үміт) атты бағдарламаның басшысы.

Доктор Диксон кеңесшілік және болжамдау қызметіне бағытталған «Глобал Чейндж» компаниясының басқарушысы болып, көптеген үлкен корпорациялардың кеңесшісі ретінде ақпараттық қоғам, жаңа технология, биотехнология, глобализациялау, жетекшілік, мотивация және корпоративтік құндылықтар жайлы сұрақтарға қатысты дүние жүзі бойынша бұқаралықақпарат құралдарында жиі-жиі түсініктеме беріп тұрады.

48 жастағы Патрик Диксон жұбайымен Батыс Лондонда тұрады. Олардың төрт баласы бар. Отбасы түгелдей сенім жолымен жүреді.

 

Алғы сөз

Мен ағылшын дәрігері Патрик Диксонның «ЖҚТБ және Сен» атты кітабының қазақ тілінде жарық көргеніне өте қуаныштымын. Ол бүгінгі күні Қазақстанда өте маңызды кітап. Оның авторы 1987 жылы мәсіхші сенушілердің назарын бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған ЖҚТБ эпидемиясы (індеті) мәселесіне аударған қауым жетекшілерінің алғашқыларының бірі. Оның «ЖҚТБ туралы ақиқат» атты алғашқы кітабы Англиядағы көптеген сенушілер қауымдарына терең әсер етіп, олардың АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне қарсы күреске құлшынысын оятты. Диксонның жеке өзі қауымында бірнеше еріктілерден тұратын топ құрды. Өзі оларға ЖҚТБ-мен ауыратындарға күтім жасаудың, оларға үй жағдайында қызмет етіп, көмек көмек көрсетудің негізгі қағидаларын үйретті. Осы топтың үлгісі бойынша ауруларға қолдау көрсетуге арналған көптеген басқа да мәсіхшіл қызметтер пайда болды. «ЖҚТБ туралы ақиқат» атты кітаптың алғашқы басылымы жарық көргеннен кейін Англияда АСЕТ атты қайырымдылық ұйымының негізі қаланды ( Aids Care, Education, Training — ЖҚТБ: күтім, ағарту ісі,  дайындау). Бұл ұйым ресми түрде ЖҚТБ-ның алдын алумен, АҚТҚ-ны жұқтырғандарға күтім көрсетумен айналыса бастады. Көп ұзамай АСЕТ әлемнің басқа да елдерінде жұмыс істей бастады. «СПИД (ЖҚТБ) және Сен» кітабы «ЖҚТБ туралы шындық» кітабының қысқартылып, қалың оқырман жұртшылыққа түсінерлік етіп берілген түрі. 2002 жылы бұл кітап осы күндері ЖҚТБ эпидемиясын басынан кешіп жатқан Африка елдерінде таратылу үшін миллион тиражбен үшінші рет басылып шығарылды. Кітаптың соңында Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдегі, Орта Азия елдері мен Қазақстандағы АҚТҚ-ны жұқтырғандарға сенушілердің көрсетіп жатқан қызметтері жайлы бірқатар мысалдар берілген.

Соңғы бірнеше жыл ішінде ЖҚТБ-мен ауыратындар саны бұрынғы ТМД елдерінде, соның ішінде Ресейде, бұған дейін болып көрмеген жылдамдықпен көбею үстінде. 1988 жылы наурыз айында алғаш рет Иркутскіге келгенімде өзге шетелдіктер сияқты мен де жергілікті ЖҚТБ орталығында АҚТҚ-ға анализ тапсырдым. Сол жерде мен дәрігерден Иркутск облысы бойынша 20-ға жуық АҚТҚ-ны жұқтырғандардың ресми тіркелгені туралы білдім. Іштей бұл тым аз көрсеткіш, сондықтан қатты мазалануға негіз жоқ деп ойладым. Бір жылдан кейін 1999 жылдың наурыз айында қалалық ауруханалардың біріне бас сүйегі – ми жарақатымен бір жас жігіт түсті, тексеріс барысында одан АҚТҚ   табылды. Шамамен сол кезде басқа ауруханадан осыған ұқсас жағдайда АҚТҚ-ны жұқтырған басқа бір ауру тіркелді. Ол да басына зақым алған жігіт оқитын училищеден болып шықты. Дәрігерлер нашақорларды анықтау үшін дереу сол оқу орнына аттанып, оқушыларды АҚТҚ-ға тексерістен өткізді. Суық хабар Иркутскіге лезде жайылды: тексеріс қорытындысы училищеде оқитын студенттердің көпшілігінде АҚТҚ-ға оң нәтиже берді! Бұл жігіттер есірткіні қан тамырына еккен, АҚТҚ-ны ортақ шприц пен инеден бір-біріне жұқтырған. Дәрігерлер нашақорларды жүйелі түрде тексере бастады, сонда жаңадан тіркелген вирус жұқтырғандар саны геометриялық прогрессиямен көбейе бастады. Осылайша жыл соңына дейін Иркутск қаласынан 2600-ден астам, облыс көлемінде 1200-ге жуық вирус жұқтырғандар анықталды. Қазір Иркутск облысында 17 000-нан астам АҚТҚ  жұқтырғандар бар. Осыған ұқсас жағдайлар Ресейдің басқа қалаларынан да байқалады, бүкіл ел көлемінде ЖҚТБ эпидемиясы басталды. Ресейдегі АҚТҚ жұктырғандар санының өсу темпі Африканың вируспен ең көп залалданған облыстарындағы тарау жылдамдығын басып озды.

1998 жылы Иркутскідегі мектеп оқушылары арасында ЖҚТБ-ның алдын алу жұмысын бастаған кезімде, көп адамдар қатты уайымдап, мазасызданудың қажеті жоқ. АҚТҚ тек оны жұқтырып алу қаупі ерекше төнетін топ: нашақорлар, гомосексуалдар мен жезөкшелер үшін ғана қатерлі деді. Эпидемияның басында АҚТҚ  жұқтырғандардың шынымен 97% –ын нашақорлар құрады, бірақ бұл қатерлі аурудың таралуының алғашқы толқыны ғана болатын. Көп кешікпей АҚТҚ халықтың басқа топтарына да жетіп үлгерді. ЖҚТБ бұл күндері көбіне жыныстық қатынас арқылы тарайды — бұл эпидемияның екінші толқыны деп аталады. Ол біріншісіне қарағанда анағұрлым қатерлі, өйткені төсек қатынасынан ауру жұқтырып алдым-ау деп сезіктеніп АҚТҚ-ға анализ тапсыруға баратындарды табу қиын немесе некен саяқ. Ауру жұқтырғаны жайлы адамдардың көпшілігі тіпті білмейді де. Олар басқаларға ауру жұқтырып, өздерінің қауіпті өмір сүру қалпын одан әрі жалғастыра береді. Адам АҚТҚ жұқтырған болса да денсаулығы кінаратсыз болып, өзіне төніп келе жатқан қауіптен еш хабарсыз болып бірнеше жыл бойы өмір сүре бере алады.

Мен Иркутскіде АҚТҚ-ны жұқтырған алғашқы адамдармен кездестім, олармен есірткіге тәуелділерге арналған денсаулықты қайта  қалпына  келтіру (реабилитация) орталығында танысқан болатынмын. Бұлар не бары 20-25 жаста еді, менің құрдастарым болатын. Тәрізі олар вирусты ортақ шприц арқылы басқа нашақорлардан жұқтырған іспетті. Мен  осы жігіттер мен қыздарға барып тұрдым, соңынан дос болып кеттік. Жаратқан Иенің көмегімен олар есірткіге тәуелділіктен құтылды, бұған олар сондай қуанды, әйтсе де, олар өздерінің болашақтарынан қатты қорықты. Олар өздерін жақсы сезінді, дендері сау болып  көрінді. Өздері қалыпты жастар сияқты олар да тамаша өмір жайлы армандады. Алайда АҚТҚ жұқпасының құрбандарына айналды, өйткені олар өз өмірлерінде орны толмас қате жіберді.   Олар сүйіспеншілік пен түсінікке мұқтаж еді. Қазір Ресейде және басқа да ТМД елдерінде осындай он мыңдаған жастар бар және олардың саны күннен күнге ұлғая түсуде.

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon patrik_diksonnyn_spid_zhktb_turaly_kitabynan.doc506 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий