РефератШәкәрімнің лирикасы реферат

 

Күні бүгінге дейін қазақ лирикасының тарихы мен жанрлық табиғаты турасында сөз қозғағанда, қазақ лирикасын қалыптастырушылардың бірі ретінде Абай дәстүрін жалғастырушы әрі ақындық мектебінің тікелей шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі ерекше ілтипатпен аталары рас. Оған басты себеп, ақынның поәзиялық шығармалары ұлттық әдебиетіміздегі лирика жанрының көркемдік биіктігін асқақтатып және қазақ лирика жанрын әлемдік үлгідегі туындылармен қатарластыра алған поэзиялық қуаты мен ақындық мұратына қатысты еді.

  ХХ ғасыр басындағы қазақ лирикасындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының лирикалық өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктерін ұлттық және әдеби дамудағы көркемдік дәстүр мен үндестік, сабақтастық жағдайында әдеби тұрғыда кеңінен талдануы зерттеу жұмысының ғылымми жаңалығы болып танылады. Шәкәрім лирикасының жанрлық ерекшеліктері ұлттық әдебиеттану ғылымындағы лирикалық жанрдың дамуымен тұтастықта алынып қарастырылды. ХХ ғасыр басында қазақ лирикасын жанрлық жағынан байытқан ақын мұраларының ғылыми айналымға енуі жұмыстың жалпы ғылыми мәнін айқындайды.

  Жұмыста Шәкәрім лирикасының ауыз әдебиетімен байланысты, ақынның стильдік ерекшеліктері, лирикалық әсемдік сипаты, ақын поэзиясындағы идея мен тақырып бірлігі, композициялық шешім сынды лирикалық құбылыстар жанрлық жақтан күрделендірген алғы шарт ретінде қарастырылды. Шәкәрімнің лирикалық туындылырындағы тақырыптық-мазмұндық сипаты жанрдың бітімін айқындар ерекшеліктер ретінде теориялық тұрғыдан қарастырылды.

      ХХ ғасыр басындағы ұлттық әдебиетіміз ұзақ уақыт бойы зерттеліп, зерделеніп келсе де, саяси идеологияның құрбаны болғаны ешкімге жасырын емес. Көрнекті зерттеуші, әдебиеттанушы ғалым С. Қирабаев: «Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінде ақтаңдақ тұстар өте көп... «Ақтаңдақтар» қазақ әдебиетін зерттеудің жеке бір проблемасы емес, оның бүкіл даму жолын түгел қамтитын күрделі мәселе»-деп халық жадында жүрген ақтаңдақ тұстардың бірі-ХХ ғасыр басындағы қазақ лирикасы мен оның дамуына үлкен үлес қосқан Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды қаламгерлер туындылары бұл кезең әдебиеті мен мәдениетінен аяусыз шектетіліп, тыс қалғандығы еді.

      Халық мұнын жырлау, адамзаттың әлеуметтік мұратын таңбалау, адамзат бойындағы әр алуан қасиеттерді таразылау ХХ ғасыр басындағы ақындардың лирикалық шығармаларының негізгі сарыны болып, тақырыптың аясында айқындалды. Халық өмірінің әрбір тарихи сәтін мүлт жібермеуге ұмтылған Шәкәрім лирикасының жанрлық маңызы ерекше артты. «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ әдебиетіндегі азаматтық лириканың дамуы, оның үстінде орыс қоғамындағы ағартушылық-демократтық ой-санасының өрістеуі бұл кезде Абай арқылы қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген болатын.Осы реалистік дәстүр, шынайы халықтық арна ХХ ғасыр басындағы ақындар шығармашылығының да негізгі идеялық-көркемдік нысанасына айналды.» деген әдебиетші ғалым Б.Әбдіғазиев пікірінің шындығы Шәкәрім лирикалық мұраларына, оның лирикалық жанр ерекшелігіне тікелей қатысты.

      Ұлттық әдебиетіміздегі лирикалық жанрдың көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы-қазыналы қазақ әдебиетінде ұлы кемеңгер Абайдан кейінгі ірі құбылыс болды. Шәкәрім - әдебиеттің әр алуан жанрларына қалам тербеген қаламгер. Ақын шығармашылығына тақырыптық арқау болған дүние-сол кездегі қазақ қоғамының жай-күйі. Ақын Абайдың тікелей шәкірті болғандықтан Шәкәрім ұлы кемеңгердің ақындық дәстүрін жалғастыруда, насихаттауда, үлгі етуде елеулі еңбек етті. «Сондықтан Абай дәстүріндегі көркемдігі жоғары, мазмұн, түр жағынан сонылығы басым, үлкен қоғамдық-әлеуметтік мәні бар лирикалар туғызды. Абай ұсынған ағартушылық, гуманистік көзқарасты қатты қолдады.»

      Шәкәрім өлеңдері ұлт мүддесін қорғауда биік дәрежелі екендігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Заман адамының шынайы бейнесін сомдаудағы біршама әдеби барлаулар жасаған ақын ұлтымыздың аңғал да адал шынайы мінезінен қор болып отырғанын ашына жырлайды. Сол тұстағы әкім, ел ағасының әбден азғындаған, ұсақталған, құнсызданған кері әсерлі қылықтарын аяусыз әшкерлеуде қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм әдісін кеңінен қолданған. Ақынның лирикалық өлеңдерінен қоғамды қанаушыларды сынаған көзқарас – мұраттарынан сыншыл реализм бағытындағы үлгі мен өрнек айқын аңғарылады.

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon shkrimnin_lirikasy_referat.doc48.5 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий