РефератЭтнопедагогикалық зерттеу әдістері және өзге ғылым салаларымен байланысы

 

        Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жөні сөз болған жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ еңбектерінде әдет- ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім-тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы /М.И.Стельмахович, И.С.Кон/ аса құптарлық жайлар.

Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның алдында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Бұларды төмендегідей тақырыптармен белгілеуге болады: мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі ролі; жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде; халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі; балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері; дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің және педагогиканың көрнекті жетістіктері ретінде.

Тәрбиені қажет ету адамның пайда болуымен бірге туды және адам қоғамы қанша өмір сүрсе,  сонша өмір сүріп келеді. Осыған орай тәрбиенің дамуын халықтың, этностық қатысуымен алға басуын ескермеу заңсыз.

Мектептер пайда болғанға дейін тұлға қалыптастыруда ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің халықтық дәстүрлері шешуші роль атқарды. Халық ұрпақтан ұрпаққа өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын, үлкеннің кішіге құрметі ретінде мұра етіп келді, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани медениеті тарихын туғызды.

Халықтың рухани өмірін анықтаушы жейттер еңбектен, табиғаттан, ішкі дарындылықтан, табиғилықтан және адамгершіліктен туындады. Және дәл осылар тәрбиенің нағыз халықтық сипаттарын айқындап берді.

Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көпқырлы және кең. Және оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан. Жастардың тұлғалық бейнесін қалыптастыруға бүкіл халық өмірі ықпал етті: бәрі тербиеленді, бәрін тәрбиеледі. Тәрбие қоғамның экономикалық өмірі мен рухани өмірі арасын байланыстырушы ретінде алға шықты. Тұтас алғанда халықтың материалдық және рухани өміріндегі педагогикалық мәдениетінің ерекше хал-ахуалы осымен түсіндіріледі. Адам мәдениетінің екі саласы арасындағы сабақтастық байланыс дәл осы педагогикалық мәдениетпен қамтамасыз етіледі. Көрнекті педагогтардың қай-қайсысы болмасын халықтық педагогика этностық ұжымдық шығармашылығының құрамды бөлігі екендігін ескертіп, оның педагогикалық мәдениеті көрінісі ретінде ежелгі дәуірлерден тамыр алатындығына назар аудартуы осыдан.

Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий