РефератХалықтық тәрбие - әлеумегтік-педагогикалық құбылыс

 

Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады. Табиғатқа сөйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте карапайым түрде болса да, олардың педагогика ғылымыңда негізделуінен көп бұрын халықгың ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиелік мөнін есте ұстай отыра ел қорғаған, халық тыныштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи оқиғаларга арналған ауызша халықтық шығармашылықтың өзі  -халықтың азаттық қозғалысы тарихын өзіндік және қарапайым да асқақ түрде бейнелеп және келешек ұрпақтың, патриоттық және рухани-адамгершіліктік трғыда қалыптасуына ықпал жасайтынын ұмытпау керек.

Халықтық педагогиканың өлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштердегі мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегі мен тарихи дамуын есепке альш сипаттау, тарихи-генетикалық түрғыдан қарастыру халық педагогикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді жөне оның демократиялық сипатына назар аудартады. Әрине, этнопедагогика тарихында ертедегі қазақстандықгардың еңбекке тәрбиелеу дәстүрлері мен кәсіпке үйретушілік жүйесі, әртүрлі қозғалмалы ойындары мен жарыстары, саналуан өдет-ғұрыптар мен өмір салттары терең із қалдырды. Халықта эстетикалық төрбие берудің өзіндік үлгісі болды. Оның сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы.

Бүл ең алдымен еңбек құралдарың шебер және сәнді безендіруден, өндеуден көрінді. Олар ыңғайлы ғана емес, көзді қуануы, көңіл-күйді көтеретіндей әсем де болуы тиіс еді. Мұндай көркемдік талғам ғасырлар бойы қалыптасқан. Демек, педагогикалық мәдениеттің бастау көздерін тәрбие процесінің өзінен ғана емес, халықтық бағыт-бағдардан, әрекеттерден, шығармашылықтардан іздеу керек. Халық туғызған әсемдік - бұл рухани әлемнің әсемдігі, сонымен бір мезгілде педагогикалық мәдениеттің тамаша жетістіктерінің куәсі. Педагогикалық мәдениеттің деңгейі жөнінде тек нақты педагогикалық ескерткіштер мен шығармалар бойынша ғана емес, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен олардың өлмес мұралары арқылы да пікір айтуға тура келеді. Осындай педагогика ғылымына қисындаса жуықтап келген халық педагогтары барлық кезеңдерде, барлық халықтарда да болды. Олар кейін пайда болып дамыған халықтық негіздегі демократиялық педагогикалық жүйеге жатамды жағдайлар туғызды.

ВложениеРазмер
halyktyk_trbie_-_leumegtik-pedagogikalyk_kubylys.doc56 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий