РефератЕтістіктің ерекше тұлғалық түрлері

 

  1. Есімше түрлері, мағынасы мен қызметі.
  2. Есімшенің түрленуі, көптелуі, тәуелденуі, септелуі мен жіктелуі.
  3. Көсемше түрлері, мағынасы мен қызметі, жіктелуі.
  4. Тұйық етістік, түрленуі, көптелуі, тәуелденуі, септелуі.

 

Әдебиетер:

  1. Маманов. ҚҚТ, 89-116-б.
  2. Ысқақов. ҚҚТ, 310-316-б.
  3. ҚТГ, 178-189-б.
  4. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. А,1985

5.      Исаев С.М. Из истории розвития послелогов дейін, шейін и аффиксов –ша/ше, –дай/дей в казахском языке. ҚТ мен әдебиеті. 1970.  VIIшығуы. 114-125-б.

 

Академиялық  грамматикада: «Есімше – етістік пен сын есім арасындағы аралық категория»,-деп көрсете отырып, мынадай анықтама берілген: «іс-әрекеттік мәнін заттың сапалық белгісіне айналдыра отырып, бірде етістік, бірде есімдер қызметін атқаратын, есімдерше де, етістіктерше де түрленетін ерекше форма». (ҚТГ, 178)

Есімшенің етістіктен басқа түрлерінен айырмашылығы – оның атрибуттық, субъектілік мағынасына байланысты. Есімшелер есім тобындағы сөздермен мынадай ерекшеліктері арқылы жақындасып тұтасады:

  1. Есім сөздер сияқты  тәуелденеді, көптеледі, септеледі.
  2. Есімше сөйлем құрамында анықтауыш, толықтауыш, бастауыш қызметін атқарады.

3.      Есімшелерді басқа етістік формаларынан ажыратудың бір критерийі – оның сын есім сияқты анықтауыш ретінде қолданылуы. Есімше, мәні жағынан заттың белгісін білдіреді. Бірақ есімше арқылы көрсетілген белгі мен сын есім арқылы көрсетілген белгі бір емес. Сын есім заттың өзіне тән тұрақты белгісін білдірсе, есімше оның іс-әрекетіне байланысты көшпелі, динамиканың белгісін білдіреді.

4.      Есімшелер, есімдер сияқты, болымсыздық мағынаны жоқ, емес сөздері арқылы да білдіре алады.

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon etistiktin_erekshe_tulgalyk_turleri.doc48.5 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий