РефератЖылқы малына байланысты тілдік бірліктерді ғаламның тілдік бейнесі тұрғысынан талдау

 

 

Ғылым мен техниканың дамуы ғылымның барлық салаларына, соның ішінде тіл білімінің дамуына да өз әсерін тигізуде. Қазіргі заман талабына сай лингвистикада жаңа бағыттар мен түрлі салалардың негізі салынып, дамып, тіл білімінің зерттеу нысаны кеңейе түсті. Этнолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттаным, паралингвистика, прагмалингвистика тәрізді лингвистика салалары тілді жан-жақты, ғылыми тұрғыда зерттеуге мүмкіндік ашты. Қазақ тіл білімі де жаңа бағыттардағы зерттеулермен толығу, даму үстінде. «Ғаламның тілдік бейнесі» теориясы да өз кезегінде тілдік зерттеулерге негіз болып, тілдің дамуына өз үлесін қосуда.

Әрбір жекелеген ұлт түсінігінде әлем әр түрлі көрініс табады. Бұл, әсіресе, тілде айқын байқалады. Яғни тілдегі әлем бейнесі адамның әлемді тануының негізі. Бұған Б.Уорф пен Э.Сепирдің көзқарастары тұрғысынан қарасақ, әр түрлі ұлт осы ғаламды өзінше танып, өзінше пайымдайды. Демек, тіл біздің ата-бабаларымыздың “ғалам бейнесін” қалпына келтіруімізге мүмкіндік жасайды, тіл арқылы біз ата-бабаларымыздың “ғалам бейнесін” елестете аламыз.

Тілдегі ғалам бейнесі, біріншіден, адамның әлемге көзқарасымен сипатталатын болса, екіншіден, әрбір жеке тілдегі әлем моделіне қоғамдағы ұлттық әлем бейнесіне ұласады. Бұл жеке тілдің өзінше сипатқа ие болуына ықпал етеді. Себебі әр тілдің өзіне ғана тән концептуализациялық әдістері бар. Яғни әрбір жеке тіл ғаламды өзінше бөлшектейді, әрбір концептуальды тілдің негізінде ғалам бейнесі кескінделген. Ал осы концепт ұғымы - “когнитивтік лингвистикадағы негізгі ұғым. Семантикалық бағытта концепт сөзге сәйкес келсе, логикалық бағытта ұғыммен сәйкес келеді. Демек, әлемнің пәк бейнесі (наивная картина мира) когнитивтік модельде айқындалады. Ол өз кезегінде ұжымдық санамен, көзқараспен, ұжымдық философиямен байланысты болады” [1;17].

Бұл мәселе А.А.Уфимцева, Ю.М.Караулов, В.Н.Телия, Е.С.Кубрякова т.б. ғалымдардың зерттеулеріне негіз болды. Концепт ұғымының мәнін ашуда А.П.Бабушкин, М.В.Никитин сынды ғалымдардың үлесі зор. Никитинше айтқанда, концепт дегеніміз – елестету және ұғымның бірлігі. Демек, концепт шындық өмірдің бейнесі, әрі ұлт санасындағы бейне [2;5].

Әлемнің пәк бейнесі когнитивтік модельде айқындалатын болса, “ол өз кезегінде ұжымдық санамен, көзқараспен, ұжымдық философиямен байланысты болады. Демек, ғаламның тілдік бейнесі негізінен және толығымен адамдар санасындағы әлемнің логикалық бейнесімен сәйкес келеді. Ал ғаламның кез-келген ұлттық тілдік бейнесінің әмбебаптығы және өзіндік ерекшелігін айқындайтын метафора, теңеу және символ болып табылады” [1;18].

Жалпы жан-жануарлар символикасы жайында Қ.Қайырбаеваның кандидаттық жұмысында өте жақсы айтылады. Біз тақырыбымызға сәйкес жылқы малына байланысты символдарға тоқталмақпыз.

Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий