РефератЗат есім

 

Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен оқиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі- зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, айқай, тал, т.б.) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілеттерінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінетін түрлі абстракт ұғымның (наным, шама-шарық, тентектік, ырыс) аттарын да білдіреді.

Затдеген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды (А.Ысқақов).

Лексикалық-семантикалық өрісі аса кең сөз таптарының бірі осы зат есімдер.

Зат есімнің жасалуы

Зат есім негізгі және туынды зат есімдер, күрделі зат есімдер болады. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: қой-шы, жақсы-лық, айт-ыс, т.б.

Күрделі зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалады. Мысалы: өнеркәсіп, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, т.б.

Зат есім тудыратын жұрнақтар

Қазақ тілінде зат есім болып саналатын сөздердің көпшілігі қосымша арқылы жасалатын туынды сөздер болып табылады. Ондай жұрнақтар үлкен 2 топқа бөлініп жүр:

1) Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:

-шы, -ші: ән-ші, аң-шы. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп, мамандық, бірдеңеге икемділікті білдіреді.

ВложениеРазмер
zat_esim.doc78 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Теги: 

Добавить комментарий