РефератҒылыми концепциялар мәселесі

 

Қазіргізаманныңадамыбұлдүниегекеліподүниелікболғанынадейінсырттайқарағандабірбіріменмүлдембайланысыжоқекіәлемде– шынайы(табиғи) сондай  ақжасандытехно-психоәлеуметтікортадаөмірсүретіндігібелгілі. Бұл жерде, техно-және психоәлеуметтік ортаның табиғи ортаға қарағанда басым болатындығын атап көрсету керек.

Адамды қоршаған орта жасанды техникалық орта мен қоғамнан құралған. Адам өз қолымен жасаған материалдық әлемнің барлығы да техникалық орта болып табылады (мысалға: үй хайуанаттары, дәрі - дәрмек, киім, механизмдер, үйлер және т.б.). Техникалық ортаны адамды қоршаған ортаның  табиғи психоәлеуметтік ортаға өту кезеңі, яғни, аралық өтпелі орта деп көрсетсек те болады. Техникалық орта адамның дене және ой еңбегінің, басқа сөзбен айтқанда білім мен ғылымның арқасында пайда болған. Техникалық орта адамзаттың табиғатты ұзақ жылдар бойы түпкілікті зерттеуінің арқасында қалыптастырылған (модельденген). Ал психоәлеуметтік орта болса (қоғам) осы қоғамға тиесілі  әлеуметтік-саяси институттардың негізінде қалыптасады және эволюцияға ұшырайды. Осындай институттар ретінде мемлекеттің құқықтық және идеологиялық негізі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының сипаты мен деңгейі, аталған қоғамда елеулі орынға ие болып отырған жанұялық, топтық, ұйымдық, рулық, ұлттық, діни, ғылыми және т. б. түрлі әдет - ғұрып, салт- дәстүрді көрсетсек болады.

Сонымен қатар техникалық және психоәлеуметтік ортаның адамға деген әсерінің өте жоғары екендігін байқау қиын емес. Сол себепті адамға табиғаттың, ғылымның, техника және қоғам дамуының  заңдылықтарын білмей қазіргі заманда  өмір сүру белгілі бір деңгейде қиындықтар тудыратыны сөзсіз.

Америкалық және ағылшын классификациясында психоәлеуметтік ортаны қоғамдық (гуманитарлық) ғылымдардың объектісі деп санап, оны “fіctіon” тарауына жатқызады. Бұл жерде “fіctіon” сөзінің бірнеше мағынасы бар: 1. Беллетристика, 2. Ойдан шығарылған зат немесе құбылыс, фикция. Бұл ғылымды оны жаратылыстану және техникалық ғылымдарға қарама - қарсы қояды.  Осымен қатар жоғарыда көрсетілген классификацияда жаратылыстану және техникалық ғылымдар “scіense” тарауына жатқызылған. Бұл жерде де “scіense” сөзінің: 1) ғылым; 2) жаратылыстану ғылымдары және 3) білім секілді әртүрлі мағыналарының бар екендігін көрсеткеніміз абзал. 

Қазіргі кезде адамның санасына оның психоәлеуметтік ортасында орын алып отырған алуан түрлі жалған ғылыми, діни, мистикалық көзқарастар әсер етуде. Әрине, шынайы ғылым мен білім бұл жалған ілімдермен сиысуы мүмкін емес  және ғылыми дүние танымды елемей бұрмалау аса қауіпті әлеуметтік және жекелеген зардаптарға душар етуі мүмкін. Бұл қауіп саяси билік, дін және жалған ғылым одақтасқан жағдайда бірнеше есе күшейуі мүмкін. Оған мысал ретінде инквизиция, діни фундаментализм мен фанатизм, фашизм, кибернетика мен генетиканы қудалау және т.б. келтіруге әбден болады.

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon gylymi_koncepciyalar_mselesi.doc46.5 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий