РефератЗат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту

 

Жоспар

 

І. Кіріспе                                                                                                        1 - 3

Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың мақсаты мен міндеті

 

 Негізгі бөлім                                                                                                3 - 25

Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту

1.1  Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың тиімді жолдары

1.2                         Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану

 

ІІІ. Қорытынды                                                                                             25 -26

Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың маңызы

 

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                              26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында зат есімнің грамматикалық категорияларының алатын орны мен оны оқытудың мәні зор.

Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту - оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға зат есімнің грамматикалық категориялары танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімінің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады:

1.     Зат есімнің грамматикалық категориялары туралы түсінік;

2.     Зат есімнің грамматикалық  категорияларын оқудағы мақсат;

3.     зат есімнің грамматикалық категорияларының өзіндік белгілері мен ерекшеліктері.

Зат есімнің грамматикалық категориялары тақырыбынан оқушыларға тиянақты білім мен дағды беру үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады., әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оқушыларға бұрыннан таныс, таныс еместігі, ең соңында оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туады.

Осылай өткізілетін материал көлемі анықталып алған соң, сол материалды толық меңгерту, әрбір минутты бос жібермеу, ол үшін оқушылардың өзіне жұмыс істеу, ой қорытындысын жасату сияқты  мәселелер мақсат етіледі.

Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту принципі педагогиканың дидактикалық принциптеріне негізделіп оқытылады. Мәселен, дидактиканың берілетін сабақ тақырыбы өткен тақырыппен байланыстырылып отырылуы керек және өтілетін материалдар бірімен-бірі тығыз байланысты болсын деген ережесіне негізделіп отыратын болса, зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту оның алдында өтілген сөз құрамымен байланысты өтіледі.

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon zat_esimnin_grammatikalyk_kategoriyalaryn_okytu.doc255.5 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий