Некенің сот арқылы сотсыз бұзылуы. Ата-аналық құқығынан айыру себептері.
Некенің бұзылуы-отбасы өміріне ғана емес, қоғам өміріне де кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет. Әр отбасының ажырасу тарихы, себебі әр түрлі. Әлеуметтанушы ғалымдар ажырасуға әкеліп соғатын үш түрлі себептерді көрсетеді.
Алайда әр отбасында оның себептері әр түрлі болуы мүмкін:
- тұрмыс жағдайының ауыртпалығы (материалдық қажеттіліктер, тұрғын үй қиыншылығы, т.б.);
- тұлғааралық келіспеушіліктер ( өзара сүйіспеншілікті жоғалту, дөрекілік, маскүнемділікке салыну);
- ішкі жағдайлар ( жаңа отбасының пайда болуы, жаңа сезімдердің пайда болуы).
Заң тұрғысынан алғанда, некенің бұзылуы дегеніміз-жұбайлардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастардың тоқтатылуы.Бұл ерлі-зайыптылардың арасындағы құқықтық қарым-қатынастардың тоқтатылғанын білдіреді.ҚР “Неке және отбасы” заңы некені бұзудың екі түрін белгілейді.
- Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында некені бұзу.
- Сот тәртібімен некені бұзу.
Некені әйелдің жүктілігі және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға жол берілмейді. Бұл өмірге бала әкелген немесеәкелуге ниет білдіріп отырған әйел-ананың, баланың денсаулығы үшін қажет. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында некені бұзу:
- Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ;
- Бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын;
- Ерлі-зайыптылардың өзара келісімі жағдайында жүргізіледі.