РефератИслам дініндегі хош көрушілік

 

Дін деген ұғымның негізінде зорлық-зомбылық болмауы керек, бұл хақ діннің ғайрихақ (хақ емес) діндерден ажырасатын айқын парқы. Дін дегеніміз негізінде иман, яғни сенім жататын рухани байлық. Рұхты зорлауға болмайды. Ислам дінінде зорлау жоқ. Исламияттың негізінде адамдардың өз еркімен, өз ықтиярымен сенуі, өз ирадасымен ғамал етуі қағидасы жатады. Өз ирадасынсыз харам істеуге мәжбүр болғандардың жауапты болмайтыны сондықтан; мисалға, өлім қаупінен қорқып, шошқа етін жеген мұсылманға күнә жоқ /[1]/.

Исламның имани негіздері осында жатыр. Сондықтан, Ислам діні басқа сенім-нанымдағы адамдардың зорлықпен, күшпен дінге кіргізілуін жақтамайды, ижазат (рұқсат) бермейді. Исламмен танысқан адамдар оны қабылдап-қабылдамау мәселесінде толық еркіндікке ие болады. Үйткені, тағы да бір рет айталық-кім, дін дегеніміз жүректің мәселесі, жүректің сенуі, ұжданның қабылдауы. Демек, адам баласы егер шын жүрегімен қаласа ғана сенеді, керегін жасайды; шын жүректен сенбесе, онда зорлықпен жасағаны мағнасыз болады. Зорлықпен жасалған мойындатпалар сүреңді болмайды, жемістері аурулы болады, гүлденіп өспейді. Өз еркімен болса онда басқа, ондай адам иманы үшін жанын береді, барлық қиыншылықтарға шыдайды.

Ислам хұқұғында басқа дін өкілдері мұсылман билігін мойындап, “жизя” және “хараж” төлеген жағдайда мұсылман мемлекеті олардың бас амандығын, қорғанысын қамсыздандыру міндетін өз мойнына алады. Олар ешқашан да Исламды күштеп қабылдауға зорланбайды.

Дінде зорлау жоқ деген сөзден дінде тәртіп жоқ, әркім өз ойына келген нәрсені істей береді деген мағна шықпауы керек. Зорлау иман етуде, сенімде жоқ, бірақ әр қоғамда әр заң жүйесінде болғанындай, қоғамдық тәртіпті, елдің тыныштығын, азаматтардың мал-жан амандығын сақтау секілді мәселелерде, әрине, санкциялық шаралар қолданылады; мәселен, мұсылман қыздардың намысына дақ келтіретін әрекеттерге рұқсат етілмейді т.т.

Сахабалар мен олардан кейінгі мұсылмандардың хақ дін Исламның шартарапқа мәлім болуында, адамзаттың жүрегінің тағына қонуында орасан зор еңбегі болды. Олардың адамгершілігі, парасаттылығы, сабырлылығы, көрегенділігі, тазалығы, мархаматтылығы, ибалылығы т.т. бәрі де Ұлық Пайғамбардың тәрбиесінің жемісі еді. Олар мың кісінің ішінен жекеленіп, дараланып тұратын жарық жұлдыздар еді. Олардың жүрген жерінде бейбітшілік, құт-береке дарушы еді. Егер олай болмағанда, Исламға дейін Арабыстанның ұшы-қиыры жоқ шөлдерінде ауып-көшіп жүрген бір уыс арабтың қолынан мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан осы ұлы өркениет келмес еді. Тарих беттері тасқын судай ағып келіп, сіңіп, жоғалып кеткен ағымдарды айтып тауыса алмайды. Исламды зорлықшыл деп танытушылардың шын мақсаты өз зорлықшылығын жасыру ғана. Алайда, нағыз зұлымдыққа душар болғандар мұсылмандардың өздері; шармық (айқыш) жорықтарынан бастап (1095-1396), кешегі Ауғаныстан, Палестина, Босниа және оты жалындап тұрған Чешеністан трагедияларын айтсақ жеткілікті. Құдұсты жаулап алған соң шармық жендеттері Ақса мен Омар мешіттерінде 70 000 мұсылманды қырып, йаһұдилерді синагогаларға қамап, тірідей өртеген.

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon islam_dinindegi_hosh_korushilik.doc82.5 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий