Ислам діні

Басқа  да  барлық  дүниежүзілік  діндер  сияқты  Ислам  дінінің  де  өзіндік  ұзақ  тарихы  бар. Ол  тарих  дүниежүзілік  әлем  тарихымен  ұштасып,  жұптасып, шамдасып  жатады. Бірақ, ислам  дінінің  шығу  дәуіріне, уақыт  талабына, оны  ұстанған  халықтардың  тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына  байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне  қарай  өзіндік ерекшеліктерінің  бар  екенін  аңғарғанымыз  жөн.

Ислам   діні – дүние  жүзілік  діндердің  ішінде  ең  кеш  шыққан  жас  дін. Ол  біздің  заманымыздың  VII  ғасырында  арабия  түбегін  мекендеген  тайпалар  алғашқы  қауымдық  қатынастардан  таптық  қатынастарға  көше  бастаған  кезде  құл  иеленушілік  идеологиясы  ретінде  дүниеге  келді. Тарихи  деректерге,  әдеби  аңыздарға  сүйенсек,  Ислам  діні  Арабиядағы  Хиджаз өлкесінің  ең  ірі  қаласы – Меккеде  шықты. Арабия  елі  бірқатар  бай  елдердің  орталығы  болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран  және  басқа  елдер  бір-бірімен  сауда  қатынасын  жасаған  кезде  Арабия  жерін  басып  өтетін. Осыған  байланысты  Араб  феодалдары  жер келері  боуымен  бірге, құл  жұмсаудан, құл  сатудан  орасан  зор  табыс  түсіріп  отырды. Сонымен  бірге, Мекке  ерте  уақыттан  бастап-ақ  діни  орталық  болып  саналатын. Меккенің  орталығындағы  Зәмзәм  су  сөзі,  оның  жанындағы  Әулиелі  қагатас  Қаабы  Храмы  көшпелі  бадауиелердің  өз  құдайына  табынатын  орны  болды. Бұл кезде  әрбір  рудың  өздерінің  рулық  құдайы  болды.   Олардың  бейнесі  Қаабаның  маңдайына  орналасқан  болатын. Кейбір  мұсылман  аңыздарында  Кааба  мен  Зәмзәм  су  көзін  Ибрагим  пайғамбар мен  оның  ұлы  Исмаил  салған  деген  деректі  де  кездестіреміз. Меккенің  орналасқан  жері  егін  шаруашылығымен  де, мал  шаруашылығымен  де  айналсуға  қолайсыз  болды. Сондықтан  меккеліктер  шамаларына, қолдарындағы  қаражаттың  мөлшеріне  қарай  Мекке  шонжарларына  сауда  керуендеріне  қосылатын. 

 Тез  дамыған  сауда  алғашқы  қауымдық   қоғамның  ыдырауын  тездетіп6 тайпалардың  тайпалық  одаққа  бірігуін  қажет  етті. Ны  қуаттайтын  көп  құдайға  сенудің  орнына  бір  құдайға  сенуді  уағыздайтын  діни  идеология  керек  болды.

Сол  сияқты  Арабия  жеріндегі  алғашқы  монотеистік  дін – ханффизм    бытыраңқы  араб  тайпаларын  біріктіруде  көптеген  топтардың  идеологиясы  түрінде  шықты. Ханифтер  сол  уақытқа  дейінгі  үстем  болып  келген  политеизмге  қарсы  күресті. Тайпалық  көп  құдайлардың  орнына  тек  бір  құдай  рахманға  жалбарыну  керек  деп  уағыздады. 

 Бірақ  ханифистік  діни  ілім  Меккеде  де, басқа  жерлерде  де  қолдау  таппады. Әлеуметтік-экономикалық  теңсіздікке  қарсы  күреске  шыққан  араб  қоғамының  жарлы,  кедей  көпшілігі  сагуктар  ханифизмнен  көксеген  мақсатын  көрмеді.  Өйткені  бұл  діни  идеологияның  үйретуінше  анық  өмір, шын  бастандық  о  дүниеде  ғана, бұл  үниеде  қызығы  жоқ, өткінші  деп  уағыздады. 

Ақыр  заман  боладыдан  басқаға  шақырмаған  ханифизм  езілгендер  мен  қаналғандар  арасында  тарай  алмады.

ПредпросмотрВложениеРазмер
Islam dini.rar19.19 КБ
0Нравится

Комментарии