РефератШығыс Қазақстан тарихи ескерткіштері

 

 

Шығыс Қазақстан Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Бұл аймақ Қытай, Монғолия және Ресей шекараларының қиылысында орналасқан. Аймақ терреториясының көп бөлігін Рудалық және Оңтүстік Алтай, Қалба және Саур Тарбағатай тауларының тізбегі алады. Таулар шыңының биіктігі 800-ден 1500 м жетеді, ал Алтайдың шығыс бөлігіндегі шыңдар 3000-4000 м (Белуга шыңы).

Негізгі өзендер қатарын Ертіс және оның салалары:Үлбі, Үбі және Бұқтырма құрайды. Ең үлкен көлдері Марқакөл, Зайсан, Рамановское, Сасықкөл, Алакөл және Маралды. Ауа райы өте континенталды, күндізгі уақыты ұзақ, жылдық температура ауспалы.

Шығыс Қазақстан түрлі табиғи климаттық аймақтармен сипатталады.

Шығыс Қазақстан табиғаты таңқаларлық: Азияның жазығы мен жартылай шөлейттері Сібірдің таулы ормандарымен қиылысуының нәтижесінде бірегей ландшафт түрлерін, яғни шөлді, жазықтарды, ормандарды және тауларындағы тұрақты мұздықтар мен өзендерді, көлдерді көруге болады.

Белуга шыңы

Белуга шыңы ақ қармен жамылған солтүстік шығыстағы Сібір және Алтайдың ең биік нүктесі. Бұл қардың, мұздың, ақырған қар көшкіндерінің, жарқыраған сарқырамаларының отаны. Ол Солтүстік Алтайдағы биіктігі 3,373м атақты екінші шың Бүркітауыл шыңымен көршілес орналасқан.

Марқакөл қорығы

Шығыс Қазақстанда Қазақстанның тамаша жерлерінің қатарына жататын Марқакөл Ұлттық Қорығы бар. Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады. Марқакөл суы мұнтаздай таза және жұмсақ болғанымен балыққа бай. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы балық түрлерінің отаны деуге әбден болады. Жартасты тауларда негізінен жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты таулардың көп бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т.б.). Фаунасы түрлі және мол. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге болады.

Алакөл көлі

Алакөл Қазақстанның көз жауын алатын көлдерінің бірі. Жоңғар Алатауының солтүстік шығысында жатқан тұзды көл миниралды тұздар мен күкіртті батпаққа бай. Соынмен қатар, Сіз көл бойында 35 км созылып жатқан Құстар Аралынана Фламинго құстары мен басқа да 40 түрлі құстарды көре аласыз.

Рахманов Ыстық Көзі

Осы жердің астында ағып жатқан өзендердің құрамында , көпшіліктің ойынша, емдік қасиеті бар радон, яғни өте сирек кездесетін гранит миниралдарының ұсақ бөлшектерге бөлінуінің құрамдасы бар. Термалды сулар буындардың, омыртқа сүйектерін, жүйке жүйесін және тері ауруларын емдеуде қолданылады. Шаруа Рахманов 1763 жылы ыстық көзді тауып алған. Аңызға сәйкес, ол маралды жаралайды, жаралы жануар осы ыстық көздерге келіп шомылып аман-сау шығады.

Киін-Кіріш

Жазықтар, биіктіктер және қабырғалардың арасында көк аспан астында қалалар мен сарайлар жатыр... Бұл сағым емес, бұл табиғи Эолия қаласы, кейде «Рухтар қаласы» деп те аталатын Киін-Кіріш. Саздан таңқаларлық орында салынған бірегей қызыл, ақ және сарғылт ғимараттар. Қашықтықтан Киін-Кіріштің саз жартастары және түпсіздері желдегі оттың жалыны тәрізді көрінеді. Сондықтан бұл жартастар «Жанған Жартастар» деген атауға ие болған. Киін-Кіріштің таптырмас байлығы - құм мен саздың арасында өсетін тропикалық уақыттан қалған көк шөптер (пальмалар, магнолиялар, араукария және т.б.) және омыртқалы жануарлардың қалдықтары (мүйізтұмсық, қалтырауын, тасбақа және кесірткелер).

Бұқтырма көлі

Бұл жердің табиғаты керемет. Бұқтырма көлінің маржан суы өзінің тамаша көріністерімен және балық аулау орындарымен белгілі. Көптеген өзендер мен жауын сулары тау шатқалынан көлге құйылғандықтан әдемі сарқырамалар көп. Тек Шанды Бұлақ қана көлден ағады.

Қозы Көрпеш және Баян Сұлу мавзолейі

Аягөз өзенінің жағалауында орналасқан тарихи ескерткіштердің бірі. Бұл Қозы Көрпеш және Баян Сұлу мавзолейі (X – XI ғ.ғ.). Ұлттық жырдың кейіпкерлері қыз бен жігіт арасындағы махабаттың бейнесі болып табылатын Қозы көрпеш және Баян Сұлу қазақтың Ромео және Джулиеттасы тәріздес.

 

ЖАДЫНЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫП, САНАҒА СӘУЛЕ ТҮСІРЕР

“Мәдени мұра” ұлттық жобасының маңызына осындай баға беруге болады

Осыдан үш-төрт жыл бұрын кәрі Мысыр елінде болғанымызда төрт құбыласын қалың шөл қоршаған үлкен елге жер шарының әр түкпірінен ағылып келіп жатқан халықты көрдік. Олар мұнда аты әлемге аңыз болған перғауындар пирамидаларын тамашалау үшін келеді.

Сөйтіп, осыдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген перғауындардың тарихы Египеттің қазіргі халқының тұрмыс-тіршілігінің басты көзіне айналып отыр. Ел орталығы Каир қаласында келіп жатқан туристерге қызмет көрсету үшін көптеген қонақ үйлер, мейрамханалар, сауда дүкендері, басқа да қажеттіліктер салынған. Көшелерде таксилерден көп дүние жоқ. Міне, осы қызмет орындары мен қызмет көрсетушілердің барлығы туристердің есебінен күндерін көріп, өмір сүріп жатыр.

Тек Египетте ғана емес, қазір әлемнің көп¬теген елдерінде өздерінің тарихтарын, сұлу табиғаттарын, ата-бабаларынан қалған түрлі мәдени мәні бар ескерткіштер мен басқа да құндылықтарды тіршілік-тұрмыстары үшін пайдаланып жатқан елдер аз емес. Мәселен, басқаны былай қойғанның өзінде, біздің мұсылман қауымында Аллаға құлшылық етіп, мұсылмандық парыздарын орындау үшін Сауд Арабиясындағы Мекке қаласына қаншама адамдар барып жатыр. Израильдегі Иерусалим қаласы да адамдар табынатын қасиетті мекендердің бірі ретінде өте үлкен тартымдылыққа ие болып отырғандығы газетіміздің басшысы Сауытбек Абдрахмановтың жуықтағы нөмірлердің бірінде жарық көрген мақаласында жақсы жазылған болатын. Әлемнің Париж, Лондон, Пекин, Ыстамбұл, Мәскеу секілді қалаларындағы тарихи ескерткіштерді тамашалау үшін де жылына қаншама туристер ағылып жатады.

ВложениеРазмер
shygys_kazakstan_tarihi_eskertkishteri.doc60 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий