РефератӘскери сот

 

“Қазақстан Республикасындағы сот жүйесi және судьялар мәртебесi туралы” ҚР Конституциялық заңының 25 бабына сәйкес, судьялар тәуелсiз және тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағынады.

Судьялар тәуелсiздiгiнiң бiрден-бiр кепiлi болып, оларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуға тек қана құрамында судьялар ғана бар тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның құқығы барлығы танылады.

Мұның өзi судьяларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту механизмiнiң ашық та әдiлеттi екендiгiнiң көрiнiсi.

Жаңағы аталған Конституциялық заңның 39 бабымен судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi қаралған. Олар:

- сот iстерiн қараған кезде заңды бұзушылық;

- судьялық этикаға кереғар, сот беделiне нұқсан келтiретiн әрекеттер; 

- еңбек тәртiбiн өрескел бұзушылық.

Бұдан басқа сот төрағалары мен соттардың алқа төрағалары жоғарыда аталған Конституциялық заңда көрсетiлген өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн дұрыс орындамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн. 

ВложениеРазмер
skeri_sot.doc54 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий