РефератҚұқықтың түсінігі және сипаты

 

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

         «Құқық» терминінің көптеген мәні бар.Ол заң ғылымында , күнделікті өмірде , қызмет бабында қолданылады.

Заң ғылымында  «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. «Құқық»-ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың ,заңға сүйене отырып әрекет етуі.Мысалы,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу , меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.

Субъективтік құқық –тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.

Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан , екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады.   Мысалы, әр азаматтың оқып , білім алуға құқы бар.Сол құқықты пайдаланып,азаматоқу орнының ішкі тәртібіне бағынып,оқу бағдарламасын орындауға міндетті. 

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon kukiktin_tusinigi_jane_sipati.doc195 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий