Ыбырай Алтынсарин 2
Ыбырай Алтынсарин1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған.
Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс- қазақ мектебіне жаздырып қойды.
1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі - Ыбырай болған.Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша чиновниктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан- жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1957 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді. 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады.
Ол кезде ол Шекаралық комиссияның төрағасы, шығысты зерттеуші белгілі ғылым, профессор В. В Григорьевпен жақсы танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және силаітын Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға оңан мүмкіндік берген.
Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтің көмегімен орыс жазушыларының шығармаларының, орыс және дүние жүзі ағартушыларының