Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық – құқықтық мәртебесінің негіздері

Жоспары:

1. Азаматтықтың жалпы мәселелері. Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы.

2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар.

3. Әлеуметтік – экономикалық құқықтар мен бостандықтар.

1. Азаматтықтың жалпы мәселелері. Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы. Конституциялық құқық жүйесінде азаматтық институт маңызды орын алады. Бұл институт Қазақстан Республикасының ІІ бөлімінде конституциялық түрде бекітілді. Азаматтықпен байланысты қатынастар «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991.20.12. Заңмен, ҚР Президентінің 1995.03.10. заң күші бар жарлығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен реттеледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы Қазақстан Республикасы азаматтығына анықтама бермейді. Азаматтық ұғымы «ҚР азаматтығы туралы» заңның преамбуласында клтірілген. Азаматтыққа тұлғаның құқықтарымен бостандықтарының жиынтығын білдіретін, мемлекетпен арадағы тұрақты саяси құқықтық байланыс мемлекеттің аталған тұлғаны өз азаматы ретінде заңды түрде тануына негізделеді және оған тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік билікті таратудан көрініс табады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін ел аумағынан тыс жерлерде де қорғауға міндетті. Өйткені азамат мемлекеттің қамқорлығында болуына байланысты, тіпті республикадан тыс жерлерде жүрседе одан міндеттерді орындауды талап ете алады. Тұлға мен мемлекет арасындағы азаматтық қатынастар оның аумағында тұруына, мемлекеттік билікке бағынуға, құқықтар мен бостандықтарға ие болуға байланысты емес, тұлға мен мемлекет арасында болатын, азаматтықтың мазмұнын құрайтын ерекше, тұрақты саяси құқықтық байланыстардың әсерініен пайда болады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін, азаматтықтың алынуы және тоқтатылуы негіздері мен тәртібін заңдылықты бекіте отырып, өзі белгілейді. Бұл халықаралық құқықтық нормалармен, соның ішінде 1930 жылғы Гаага конференциясында қабылданған көп жақты конвенциямен танылған. Азаматтыққа тұруц жағдайы тиісті құжаттармен (ҚР азаматтарының құжаттары, туу туралы куәлік, төлқұжатта балалары туралы жазу) заңдылықты бекітіледі. Сонымен қоса мемлекет өз азаматтарының туу және өлімі сияқты азаматтық хал актілерін тіркейді. Қазақстан Республикасы азаматы мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар туған сәтен пайда болып, азаматтың өліміне не Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты аяқталады. Бұл азаматтықтың тұрақты және орнықты сипатына куә болады.

Всего 10 страниц.

Добавить комментарий