Реферат
Астана - прекрасная столица Казахстана!
Основанная в 1830 году как казачий форпост, нынешняя столица Казахстана - Астана, пленит своей изумительной красотой и необычайно интересной культурой приезжающих гостей и туристов. Современные здания наряду с огромным количеством древнейших памятников архитектуры не может не поразить заинтересованного в изучении истории, географии и культуры разных народов человека.
Шығарма тілін лингвистикалық талдаудың сипаты
Шығарма тілін лингвистикалық талдау әдеби туындының эстетикалық табиғатын, көркемдік қырын түсінуге құбылыстардың көптеген мәселелерін шешуге тигізеді.
М. Жұмабаевтің шығармалары тіліндегі тілдік құралдар мен олардың семантика-стилистикалық жақтары бүтіндей лингвистикалық талдауға түскен жоқ. М. Жұмабаев прозасы мен өлендеріңдегі тілдік құралдар лексикалық деңгей элементтері мен одан жоғарғы тілдік қабаттардағы бірліктермен шектелмей, жүйелік құрылымдағы барлығы тілдік деңгей элемнттері мен дыбыстың көркем әдебиеттегі поэтикалық қызметімен де ұштастырылады.
Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер
Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес.Осы оқыту әдісі дегеніміз не? соған тоқтала кеттейік.
Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы.
Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады. Менің жүргізіп жүрген пәнім Орыс мектебіндегі қазақ тілі орайында әңгіме болады.
Тіл дамыту ең негізгі жұмыстың бірі болып табылады.
Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің А.Байтұрсыновқа дейінгі зерттелуі
Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.
Сөз тіркесінің зерттелуі
Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.
Әлемнің тілдік көрінісінің тіл мәдениетіндегі бейнесі
Тілдің табиғилығы мен оның даму мәдениеті қадым заманнан бері көтеріліп келе жатқан мәселе, бұл ұлттық таным мен ұлттық сана сезімнің қалыптасуынан келіп шығатын үрдіс екені белгілі. Қазіргі тілдің даму ширегіне жеткен кезінде, және жаһандануға байланысты тіларалық қарым-қатынастың тереңдей түскен шағында бұны ескі сарынмен және біржақты заңдылықтардың шеңберінде қарау көп жағдайларда қазір тілшілердің, тіл жанашырларының сыңаржақ пікірлерін туындатып жататыны да аян. Қазіргі тіл тазалығымен оның мәдениетінің дамуын әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика сияқты тілдің ғылымның өзге ұштасқан салаларымен байланыстыра қарап бағамдауымыз қажет.
Айырықша теориялық ғылыми пәндердің қазіргі өмір талабына байланысты тәжірибеге араласуы қоғамдағы қалыптасқан тілдік ахуалға байланысты. Қазақстандағы тілдік қарым-қатынастың сан қырлылығы мен күрделілігі қазір тілдің типологиялық, генетикалық және функционалдық қасиеті жөнінде тұрақталған тұжырым айтуға негіз бола алмайтынын байқап отырмыз.
Қазақ тілі ережесі
Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым – қатынас құралы.Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі қазақ халқының ұлт болуымен тікелей байланысты.
Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым – қатынаста болады.Сол арқылы тіршілік жасайды,білім,тәжірибе жинайды, жетіледі,өседі.Ал қарым – қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады.Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады.Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады.Ауызекі сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы.
Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:
1) дидарластық сөз(әңгімелесу, сұхбаттасу);
2) полемикалық (дауласу) сөз;
3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).
Дидарластық сөз стилі екі немесе брнеше,сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады.Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі болу үшін алдын ала дайындалып келеді.Дидарластық әңгіме диалог түрінде де жүреді.
Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүделлері қарсы кісілердің арасында болады.
Басқару-ұйымдастырушылық құжаттары
Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.
Оған төмендегідей құжаттар жатады
Қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыштар
- 1. Мезгіл пысықтауыштың анықтамасы мен ерекшелігі
Қазақ тіліндегі сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі – пысықтауыштар өз ішінен мағынасына қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
- Мекен пысықтауыш (қайда, қайдан, қалай қарай)
- Мезгіл пысықтауыш (қашан ,қашаннан, қашанға дейін)
- Себеп пысықтауыш (неліктен, не себепті)
- Амал (сын-қимыл) пысықтауыш (қалай, қайтіп)
- Мақсат пысықтауыш (не үшін, қандай мақстапен)
- Сан-мөлшер пысықтауыш (қанша рет, неше рет, нешінші рет, қаншама, қаншалық)
Әлем тілдерінің топтастырылуы
Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады.
Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді:
1. Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль, маратхи), иран (иран, тәжік), роман (француз, испан, португал, итальян, румын), славян (орсы, поляк, чех, словак, украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек, албан, келть, армян, нуристан тіл жанұялары жатады. Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т.б. енгізіледі.
2. Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад және бербер тілдері.
3) Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада, малаялам).
