Әлеуметтану және саясаттану
Дамыған елдердегі баға белгілеу
Шет елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу тәжірибесін зерттеу, оның заңдылығы мен тенденциясын түсінуге, Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезіндегі баға механизмін қалыптастыруда алған білімді пайдалануға мүмкіндік береді. Олар тәуелсіздігін бізден бұрын алған және олардың экономикасы көптеген ерекшеліктерге ие, сонымен қатар шет дамыған еледрдің баға белгілеу механизмін білу артықшылық етпейді. Сондықтан төменде даыған елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу үлгілеріне тоқталмақшымыз.
Саясаттану ғылым ретінде
Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық.
Жеке адамдардың қалыптасуы мен дамуы
ЖОСПАР
1. Жеке адамның қоғамдық мәні.
2. «Адам», «Жеке Адам», «Даралық» түсініктерінің арақатынасы және дамуы.
3. Жеке адамдардың қалыптасуы.
4. Пайдаланған әдебиеттер
Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғам мүшеі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.
Жеке адам сондай- ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма- осылардың бәр- бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады.
