Әлеуметтану және саясаттану

РефератХалел Досмұхамедов және Түркітану мәселелері

XX  ғасыр басындағы өтпелі, дүрмекті кезеңде саяси күрес сахнасына шығып, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, болашағын болжап, аспан астында өмір сүру құқығын қорғап тер төккен, сонымен қатар осы жолда құрбан болған қазақ зиялылары қаншама. Бүгінде Алаш қозғалысының 90 жылдығын ел болып атап өтіп жатқанда ел үшін құрбан болған ерлердің әруағына бас иіп, еткен еңбектерін саралап, әділ бағасын беру игілікті іс.

                   Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

                   Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

                   Қалғанша жарта жаңқам мен сенікі,

                   Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш, -

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератАлаш тұлғаларының көзқарасындағы үндестік

XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ ішіндегі күрес‑тартыстардың басында болған қайраткерлер халқын орыс езгісінен азат етуді көздеді. Олар елін отарлаудан құтқарып, ашық түрде күреске бастады. «Олардың алға қойған мақсаттарының бірі – жер мәселесі еді. Бұл қазақ қоғамында отарлық кезеңнен бері шиеленісіп келе жатқан өзекті мәселе. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты» [1,4]. Қазақ тіршілігінің негізі болған жер мәселесі ертеден‑ақ өзекті болған. Өздерінің отарлау саясатының басты нысаны ретінде қазақтың ұлан‑байтақ жеріне иелік етуді көздеген патша үкіметіне қарсылық жасап, жер‑жерде өрістеген қарсылық‑көтерілістердің басы‑қасында болған қазақ зиялылары бұл мәселені жоғары органдар деңгейіне көтереді. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Ә.Бөкейхан «Государственная Думада», «Төртінші Дума һәм қазақ» мақалаларында осы мәселені түбегейлі көтеріп, жер бөлуде қалыптасқан көзқарас‑пікірлердегі қайшы тұстарды саралайды. Қазақ жұртына тиімсіз болып тұрған мәселелерді ашып, көрер көзге әділетсіз шешімдерге наразылық айтады.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Реферат"Алаштың" жолы

Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы – тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені, ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет идеясын құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератАлашорда үкіметі және мемлекетті тіл саясаты

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», - деп атап көрсеткен. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Бұндай күрделі екі мәселені жүзе асыру үшін ана тілімізді толыққанды меңгеруіміз қажет-ақ. Ал тілімізді толыққанды меңгеру үшін өткен тарихымызға талдау жасамасақ тағы да болмайды. Тарихты білмей бүгінгіні құру, болашақты болжау мүмкін емес. Яғни, тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр. Мұхтар Шаханов «Тарихты білмеу – тамырсыздық» - дей келе:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі» - десе

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Реферат"Алаш" мұраты - отандық білім мен ғылымды негіздеуші күш

Алаш тарихы – жаңаруға ұмтылған, тарихи сабақтастықты үзбеген, білім мен елшілдікті басым бағыт еткен ұлттық серпілудің тарихы. Сондықтан біз Алашты ауызға алған сайын осыдан 90 жыл бұрынғы саяси қозғалыс пен күресті ғана емес, бүгінімізді ертеңге жалғайтын жасампаздық істерімізді сараптағанымыз дұрыс. Алаш – біздің ұлтқа, дәстүрге қаншалықты адал екенімізді салмақтайтын ар өлшемі. Алаш – өткен тарихтың ғана олжасы емес, бүгінгі ұрпақтың да елдік іске олжа салар мүмкіндігі.  Алаш – әлемдегі қазақтың да, қазақ ішіндегі әлемнің де тұтастығы, үйлесімділігі.

Кез-келген елді алға ілгерілететін ұлттық идея. Тіпті бүгінгі
әлем ұлт пен мемлекет ұғымдары арасына теңдік белгісін қойып отырғаны жасырын емес. Кеңестік түсінікте ұлттық идея әсіре ұлтшылдықпен теңестірілді. Бұл қай тұрғыдан қарасақ та ақылға сыйымсыз еді. Расында, қасаң да бұрқасынды жылдары ұлттық идея дегеніміз – мемлекеттік, елдік мүдде идеясы деген мағына беретіні ұмытылды.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҚазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар

     Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҚазақстан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі

Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерiн көрсетушiлер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҚазақстан Республикасының халқы

Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi. 1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҚазақстанның ғылымы және ғылыми мекемелері

     Ғылым және ғылыми мекемелерi. Қазақстанда ғылыми ой-пiкiрдiң тууы ежелгi замандардан бастау алады. Археол. зерттеулер мен жазба деректер бiзге Жетiсуда, Орт. және Шығ. Қазақстанда 6 — 8, 9 — 11 ғ-ларда-ақ болған ежелгi қалалар мен қоныстар мәдениетi туралы деректер бередi. Бұл мәдениеттiң иелерi өз көркемөнерiн, қолөнерiн және жазуын жасаған жергiлiктi түркi тайпалары: оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар едi. Орта Азия мен Қазақстанның 8 — 11 ғ-ларда араб халифатына кiруiне байланысты өлкеде ислам дiнi таралып, мәдени өмiрде араб мәдениетiнiң ықпалы күшейе түстi. Бат. Еуропадағы латын тiлi сияқты араб тiлi халифат аумағында халықар. әмбебап тiлге айналды. Алайда жергiлiктi мәдениет пен тiл сақталып қалды.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҚазақстанның оқу-ағарту және денсаулық сақтау жүйесі

     Оқу-ағарту жүйесi. Қазақстан жерiнде, әсiресе, оның отырықшы аудандарында орта ғ-лардың ерте кезеңiнде-ақ (7 — 8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, дiни бiлiм беретiн ортадан жоғары оқу орындары жұмыс iстей бастаған. Ертедегi Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркiстан, Отырар, т.б. қ-лардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкiрт бiлiм алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенiң түкпiр-түкпiрiне орналасқан. онда молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзiмi 4 жыл, оқуға жетi жастан бастап қабылданған, кейбiр ауылдық жерде 7 — 9 жастағы балалар бiрге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бiтiргенi үшiн балаға ресми куәлiк беру тәртiбi сақталмаған.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Страницы