Әлеуметтану және саясаттану

Реферат"Алаш" қозғалысы және Нармамбет Орманбетұлы

Қоғамдық өмірге белсене араласқан Н.Орманбетұлы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтық үн көтерілген 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы петициясына қатысушылардың бірі болды. «Патша өкіметі бұл акцияны барып тұрған саяси күрес деп тауып, жергілікті басқару органдарынан бақылауды күшейтуді талап етеді. Дала генерал-губернаторы хұзырхатты ұйымдастырған адамдарды анықтап, олардың үстінен іс қозғау жөнінде Қарқаралы уезінің бастығына нұсқау береді. Уез бастығы Оссовский өзінің тексеру жұмысытарының барысында хұзырхатты дайындағандардың басшылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев екендерін дәлелдеп, қазақ тілінен орыс тіліне аударған Т.Нұрекенов болғанын да анықтап, олардың үстінен іс қозғап, арттарынан аңдушылар қойды». Бұл жерде атақты Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылар Алаштың көсемдері, соның ішінде А.Байтұрсынов десек, халқымыздың қоғам және әдебиет қайраткері Қарқаралыда бастапқыда сыныптық орыс-қазақ, кейін қалалық училищенің оқытушысы болғаны мәлім.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератАлаш арыстары және әдебиет

Алаш қозғалысы «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі таңда қазақ тарихының күрделі әрі көкейкесті мәселелері болып саналады. Жоғарыда аталған күні кешеге дейін лайықты бағасын ала алмай келген ұғымдар қазақ қоғамындағы ұлттық оянудың, ұлттық сана қалыптасуының өзінше бір көрсеткіші іспетті. «Алаш» партиясын құру мен Алашорда үкіметін қалыптастыру жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде «Алаш арыстары» ардақты  есімін иеленген зиялы қауым тарих сахнасына көтерілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ. Жүз жылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық Һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес», - деп ерекше бөліп көрсеткен еді.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Реферат"Алаш" идеясы - Қазақ идеясы

Алаш қозғалысының  тарихи  негізгі  Ресей  отаршылдығының қазақ  жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш  идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім  деп     ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені   Алаш  қозғалысы  қазақ  қауымындағы   отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске  ұмтылған   жалпыхалықтық     демократиялық қозғалыс еді.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Реферат"Алаш" қозғалысы және Атбасар өңірі

Алаш қозғалысына қатысты әрбір дерек біз үшін маңызды болуы тиіс. Өйткені бұл ұлт-азаттық қозғалыс халқымызды ұйыстыруға, дербес мемлекет құруға, ең бастысы – ұлтымыздың рухын көтеруге арналған ұлы шара еді. Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Алаш қозғалыс туралы жүйелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл құптарлық қадам. Өйткені осы айтулы қозғалыстың тарихын тану – халқымыз жүріп өткен жолдарды саралаумен бірге, ұлттық болмысымызды түгендеу болатындығы сөзсіз.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератКөне дәстүрдің озығын қайта жаңғыртсақ

Шешендiк өнер - Ұлы даланың тiршiлiгiнен өмiрге келген табиғи туындысы, сол ортаның мұрасы, ұлттық рухымыздың биiгi деп санаған дұрыс.

Қазақ руларының, ауылдарының жұрт жаңартып, малына жайылым қуып үнемi көшiп жүруi неғұрлым қонысы шалғай, атасы алыс рулармен қыз алысып, қыз берiсiп қарым-қатынас жасауы, алыс-жақын демей бiрiн-бiрi жиынға ас-тойларға шақырысып тұруы - осының барлығы, сайып келгенде бiрыңғай халық тiлiнiң, ауыз әдебиетiнiң, өзiнiң мәдениетiнiң қалыптасуына қолайлы жағдай жасалған. Ауыл мен ауыл, ру мен ру және азаматтар арасындағы дау-жанжалдарды шешетiн жұрт көп жиналатын ас-тойлар, жәрмеңке-базарлар, «күнде кеңес құратын Күлтөбелер» билер мен шешендер мектебi. Шешен-билерге халықтың көрсететiн құрметi мен беретiн сыйы да дарынды, талантты жастарды сөз өнерiн үйренуге, игеруге ынталандырған, итермелеген, сөз қасиетiн құрмет тұтқан. Осыдан келiп талапты жастардың оқу бiлiмi кенжелегенмен, сана-iлiмнен кенже қалмаған, бүкiл елдiң, қоғамның қарым-қатынасы ауыз-екi жүргiзiлген, барлық iс, дау-дамайi қолма-қол, бетпе-бет шешiлген.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератТерең тамырлар

Өзбекстан. Бұл ел күн қызуы мен шуақты, жазық алқаптары мен құнарлы шұраттары көп, диқаншылық һәм бағбандық кәсіппен айналысатын, сауда-саттық өріс алған байтақ өлке, жасыл мекен. Ұлттық бағыттары мен құрамы да айқын. Қышлақтары тығыз орналасқан. Адамдары еңбекқор. Аздан көп жасайды. Табысты халық. Қуаты мен күшін өзде­ріне, елдің мұрат-мүддесіне арнайды. Мем­лекет рәміздеріне адал. Ұлттық та­рих пен тілге, дәстүр өнегелеріне берік. Мәдени-рухани құндылықтарға көздің қарашығындай қарайды. Оларды қорғап, дамытуға бейіл. Қолда барды бей-берекет етпейді. Керісінше көбейтіп, қор жасауға, өзіндік өнімді, ішкі мүмкіндікті молайтуға әр кез дайын тұрады.

Өзбекстанда Бұхара, Ташкент, Са­марқанд, Хиуа секілді көне қалалар, ел астанасында Ұлттық ғылым академиясы, мемлекеттік драма театры, ұлттық кі­тапха­на мен әдебиет мұражайы тәрізді мә­дени-рухани орындар көптеп кезде­седі. Олар көбіне ұлттық өрнек нақыш­тарымен көңілді баурап, назар аудартады және тарихилық сипаты арқылы кешегі-бүгінгі байланысты айқын аңғартады.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҰлттың ортақ ұраны: отан, тәуелсіздік, тұрақты даму

Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақ­стан­дық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақ­станның білім және ғылым қызметкер­лерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстанның отан­шылдық сезімін тәрбиелеу білім беру­дің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орында­рына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің хал­қын сүюге тәрбиелеу – мұғалім­нің аса маңызды, аса жауап­ты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мем­лекетінің егемен ел болып қалыпта­сып, дербес мемлекет болуы және өркен­деп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.

Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни на­ным сенімдер­мен тығыз байла­ныс­ты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері.

Президенттің Жолдауында ең мықты 50 елдің қатарына кіру туралы керемет ой айтылды. Бұл – ұлттың ортақ ұраны.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҚазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты

Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.

 Мақал-мәтелдер туралы сөз болғанда, не оларды зерделеп оқығанда, алдымен сол мақал кімге, қай қырын тануға арналғандығын аңғарамыз. Яғни әйел адамға ма, әлде ер адамға ма? Міне, осыдан келіп мақал-мәтелдегі гендер мәселесі туындайды.

Ғалым Маханова гендер дегеніміз не? деген сұраққа мынадай жауап айтады:  «Гендер ұғымы жыныстың әлеуметтік құрылымы деген мағынаны береді. Гендер қоғамның әйел және еркекке бөлінуінің өзі әлеуметтік өмірдің, жемісі екенін көрсетеді. Сонымен қатар, гендер дегеніміз – жеке адамның белгілі бір шектердегі мінез-құлқын белгілейтін және шектейтін әлеуметтік ұстындардың жиынтығы»,- деп гендерді әлеуметтік тұрғыдан қарастырады. [1;65]

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератОтанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған

Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап  қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай  ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін,  жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына  қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.

Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар  белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық  ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.

Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы- Тұмар падишаның ерлік істері.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератСабақтастық: Алаш идеялары және Қазақстан мұраттары

 Қазақстанға Сталин жендеті Голощекин келгенше Алаш қозғалысы, Алашорда өкіметі және оның серкелері туралы әредік обьективті пікірлер де айтылып отырды. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-шығармашылық қызметі туралы М.Дулатов очеркі мен М.Әуезов мақаласын, Мағжан Жұмабаевтың ұлы ақындық сырын ашқан Ж.Аймауытов эссесінің салмағы мен құны, ғылыми және та­­нымдық мәні бүгінде бір мысқал төмендеген жоқ.

 

Арнайы партиялық тапсырмамен құрастырылған Шафиро, Мартыненко жинақтарында қасақана жасалған бұрмалаулар, жабылған өтірік жалалар жыртылып айырылады. Соған қарамастан, бұл кітаптардағы бірталай тарихи де­ректер мен құжаттар Алаштануға нақты қызмет ете алады.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Страницы