Әлеуметтану және саясаттану

РефератПарламент - заңнама және ынтымақты қалыптастыру мектебi

Өткен жылдың 4 желтоқсанында  болған Президент сайлауынан соң елiмiз жаңа кезеңге қадам басты. Халқымыз Елбасын тағы да жетi жыл мерзiмге қайта сайлады. Осы  кезеңде Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң қатарына қосуды  стратегиялық мiндет етiп қойып отыр. Бұл  күрделi әрi аса  жауапты мiндет. Егер Қазақстан әлемдегi дамыған  елу мемлекеттiң құрамына кiрер болса, ол дамудың мүлде жаңа сапалық дәрежесiне көтерiледi.

Елiмiздiң қазiргi және болашақтағы дамуының негiзгi ұйымдастырушысы және кепiлi Президент Н.Ә. Назарбаев екендiгi баршаға белгiлi. Себебi, Қазақстан Конституция бойынша президенттiк басқару нысанындағы мемлекет.  Екiншiден, елiмiздiң Президентi  болып ерекше тарихи тұлға, мемлекет басқарудың терең бiлгiрi, халықаралық деңгейде мойындалған қайраткер Н.Ә. Назарбаев қызмет атқаруда.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҚазақстанның мемлекеттік ордендері

«Отан» ордені
«Отан» ордені 1993 жылы тағайындалған. Аталған орденмен мемлекеттік және қоғамдық қызметінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, мемлекеттік құқық қорғау және әскери қызметтегі демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады.

І-ші дәрежелі «Барыс» орденінің жұлдызы
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. «Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады. Орденнің 1-ші дәрежесі жұлдызша мен аспалы жолақтан тұрады.

І-ші дәрежелі «Барыс» ордені

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератМахатма Ганди

 Мохандас Карамчанд ГАНДИ (02.10.1869-30.01.1948 ж.ж.) - Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.

М.Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде бейбіт жолмен қарсыласудың теориясы мен тактикасын белгілеп, оны сатьяграха (Шындық үшін тайсалма) деп атады. 1899-1902 және 1906 жылғы ағылшын-зулус соғыстары кезінде М.Ганди сол жақта тұрып жатқан үнділерден ағылшындарға көмек көрсететін санитарлық жасақтар құрады. Бурлар мен зулустардың күресін әділ күрес деп есептегенімен, ол үнділердің ағылшындарға жәрдемі Үндістанға өзін өзі басқару құқығын беруге септігін тигізеді деп үміттенді. М.Ганди осы тәсілдің арқасында өз халқын ағылшындық отаршылдық езгіден аман сақтап қаламын деп те ойлады. Ол заманда үнді халқын аман сақтап қалудың бірден бір жолы осы тәсіл екені де даусыз еді.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҚазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікірінде

Кеңес Одағының ыдырау үрдісінің бастамасы деп саналатын Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының орын алуы Түркиядағы толқыныстардың тууына негіз болған еді. Түркия үшін Қазақстан туралы мәліметтер ХХ ғасыр басында жеткіліксіз болды. Түркия ғалымдары Қазақстанның саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайын тек Мұстафа Шоқайдың “Яш Түркістан” (Жас Түркістан) деп аталатын журналдарынан ғана оқып білді. Ататүрік кезінде түркологиялық зерттеу жұмыстарының қолға алынып, жандануы нәтижесінде Түркия халқы Қазақстан мемлекеті мен қазақтар туралы мәліметтер ала бастады. Бұл ретте В.В. Бартольдтың, З. Валиди Тоған, Абдулқадыр Инан, Зүбейр Хамит Кошай, Саадет Шағатай сияқты ғалымдардың Қазақстан жайындағы немесе қазақтар туралы жазған еңбектері мен Түркі университетінде осы тақырыптардағы оқылған дәрістерін айтуымызға болады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кеңес Одағының халқы, атап айтқанда қазақ халқы туралы мәліметтер Түркияға белгілі бола бастады. Бірақ соғыстан кейін Түркия мен Кеңестер Одағының ара-қатынасының бұзылуына байланысты ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін байланыс қайтадан үзіліп қалды.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератТүріксой ұйымы – түркі халықтарыны мәдениетінің бірлігі

Арғы тарихтың бедерінде күллі әлемге із қалдырған түркі дүниесінің бүгінгі күні де дүниежүзілік өркениетте ерекше орны бар екені белгілі. Жалауын жоғары ұстап, намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түркі халықтарының қазіргі ұрпақтары бір-бірімен рухани туыстық қарым - қатынасты жақсы жолға қойған. Түп негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртын тек бір-бірін қиналмай ұғысатын тіл ғана жақындастырып қоймайды, олардың етене араласуына бастау-негізі тамырлас өнердің де ықпалы аз болмайды. Түркі өнері - түркілік рухты қозғайтын айрықша кұбылыс.

Әлемдік өркениетте айшықты қолтаңбасы бар түркі дүниесін руханият саласындағы қоғамдық ұйымдардың белсенді қызметі арқылы да танимыз. Бұл бағытта нақты жұмыс жүргізіп отырған беделді ұйымдардың бірі - Түрік мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйым - ТҮРКСОЙ. Ұйымның кұрылғанына көп уақыт өтпесе де ТҮРКСОЙ деген атау түрік бірлігі деген ұғымның талассыз баламасына айналып кеткені рас.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератОтаршылдық саясаттың Түркі өркениетіне тигізген кері әсері

“Тарихсыз халық тұл демекші” әр халықтың өзіндік өткені жолы, даму тарихы болады.  Еліміздің  ұлттық   тәуелсіздік   алуы – қазақ   халқының   тарихи   даму  жолына  қатысты  жаңа  көзқарастар  туғызды.  Бұл  көзқарастардың  негізі – қазақ  қоғамы  дамуының  жолы  да  халықтар  мен  мемлекеттердің  қалыптасуына  ортақ  сипаттарымен  байланысты  екендігінде.                

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҚазақстандық патриотизмнің негіздері мен қалыптастыру жолдары

 

Ерте заманда қазақтың тілінде “патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді.

Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. “Патриотизм”-гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.

Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.

Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал- мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-мәтелдер:

“Туған жерге туың тік”.

“Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне”.

“Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас” т.б. болып кете береді.

Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҚытайдың батыс бөлікті игеру стратегиясы және оның Қазақстан-Қытай қатынасына әсері

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында» атты 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының 5 тараудың бірінші тараушасында «Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі» - деп көрсетілді. Бұдан Елбасының сыртқы саясатта Қытайға ҝлкен маңыз бергендігін аңғаруға болады. Өйткені, Қытай Еліміздің дипломатиясында Ресейден кейінгі маңызды орынды ұстауға тиісті. Олармен болған көршілік, тарихи мәдени байланысты айтпағанда, Қытайдың жаңа ғасырдан бастап, өзінің әлеуметтік даму стратегиясының басым бағытын батыс бөлігін игеруге аударуы, Елімізді бей-жай қалтырмауға тиісті. Ендеше осы мәселеге тоқталайық.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҚазақ гуманитаристикасы және ұлт тарихын зерттеу

Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымы ұлт тарихын терең, жан-жақты зерттеп, жаңаша пайымдаулар жасауға батыл кірісуде(1). Бұл әрекеттердің отандық тарих ғылымының осы уақытқа дейінгі жетістіктері негізінде жүзеге асып жатқандығы да шындық. Сонымен бірге үш ғасырға жуық тілі, діні, ділі мүлдем бөлек жат жұрттың қол астында бодандықта болып келген ұлттың тарихын барынша шынайы танып-білуде маңызы зор проблемалар да айқындала бастады. Бұған - тарихымызды зерттеуде тарихи дерек көздері ретінде қатыстырыла қоймаған, әр қилы себептермен мән берілмеген қазақ ауыз әдебиеті туындылары дәлел бола алады. Ақиқатында, бұл ауызша руханиятымыз – түрлі тарихи жағдайлардың әсерінен жазуы тұрақты сипат алмаған көшпенді халықтың өмір сүру дағдысын, бүкіл болмысын, дүниетанымын, өткен тарихи даму жолын келер ұрпаққа жеткізіп, сақтап келгендігі мәлім. Ұлттық дерек көздері деген атауға толық лайықты қазақ әдебиеті сонысымен де баға жетпес құнды мұра. Мәселен, олардың арасында соңғы кездері тарихшылардың назарын аудартып жүрген мәселелердің бірі – ауызша тарихи дәстүр жақсы дамыған.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

РефератҚазақ елі егемендігінің жаршысы –Хан Абылай және бүгінгі Қазақстан

Өркениетті қоғам құруға бет алған жұрттың бәрі де алдымен өзінің тарихи тамырын танытып, тарихи жадын қалпына келтіруге күш салады. Қазақ тарихы осы күнге дейін отаршылдардың еркінше бұрмаланып келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтар бүркемеленіп,оның орнына жасанды, қазақ менталитетіне жат рухани өлшемдер орнатылды. Осының салдарынан халық өз тарихы туралы шындықтан адасып қалды.

Ұлтымыздың ғасырлар бойы армандап,аңсаған, қол жеткізген егемендігі – мемлекетіміздің тәуелсіздік тұғырын биіктетіп, елдің іші-сыртын бүтіндеп, шекарасын белгілеп, іргетасын шайқалтпай қымтап, өркениет үрдісінде өзіндік даму жолын таңдауға қол жеткізді.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Страницы