РефератТұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салуды есептеу жолдары

 

Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезендерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашанда жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінде есептеліну көзі бойыншамүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.

Қазіргі кезде, нарыктық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының рөлі күн сайын артып келеді.                                                                                             

Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарлыландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.

Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір максат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлердің мынадай санаттарына:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

2) елді мекендердің жерлеріне;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлеріне;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне, сауықтыру, рекреациялау және тарихи-мәдени максатындағы жерлерге;

5) орман қорының жерлеріне;

6) су қорының жерлеріне;

7) запастағы жерлерге салық салынады.

Салық кодексінде көзделген жәйттерге орай, салық салу мақсатында елді мекендердің жерлері мына:

1) тұрғын үй қоры мен оның жанындағы құрылыстары және   ғимараттары орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендердің жерлері;

2) тұрғын үй қоры мен оның жанындағы құрылыстары және ғимараттары орналасқан жерлері сияқты екі топқа бөлінген.

Сонымен қатар, бірден айта кететін маңызды жәйт, егер осы жерлер (запастағы жерлерді коспағанда) тұрақты пайдалануға немесе етеусіз уақытша пайдалануға берілмесе, онда жерлердің мына санаттары:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

2) орман қорының жерлері;

3) су қорының жерлері;

4) запастағы жерлер салық салудан босатылады. Аталған жерлер (запастағы жерлерді қоспағанда) тұрақтыпайдалануға немесе өтеусіз бастапқы уақытша пайдалануға берілген жағдайда оларға Салық кодексінің 336-бабында белгіленген тәртіппен салық салынады.

Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий